2023 жылғы маңызды оқиғалар

Еуразия күн тәртібі-01

2084796
2023 жылғы маңызды оқиғалар

2023 жылғы маңызды оқиғалар

Украина-Ресей соғысы 2023 жылдың ең маңызды оқиғасы  болды. Соғыс екі жылдан бері жүріп жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Украинада қаза тапқан  бейбіт тұрғындардың саны 10 мыңға жуықтады. Ресей мен Украина армиясындағы шығынның нақты саны белгісіз болғанымен, қаза тапқандар саны 1 миллионға жетті. Ресей бастапқыда жоққа шығарған, кейін Украинада белсенді түрде пайдаланған «Вагнер» тобы Кремль әкімшілігіне қарсы шықты. Ақыры Ресей әкімшілігі бұл бейресми құрылымды жоюға мәжбүр болды. Палестина мәселесіне байланысты дүниежүзілік күн тәртібінен түскендей болғанымен, Ресей-Украина соғысы 2024 жылы Еуразия географиясының негізгі күн тәртібінің тармағы болып қала бермек. Ресейде 15-17 наурызда және Украинада 31 наурызда өтетін (кейінге шегерілуі мүмкін) президент сайлауының нәтижесі соғыстың аяқталуына әсер ете ме, жоқ па, әзірге белгісіз.

***

Әзербайжан 2023 жылдың 19 қыркүйегінде Қарабахта әскери операция жүргізіп, аймақты толық бақылауға алды. Бейрәсми Қарабахтың заңсыз әкімшілігінің мүшелері сотталып жатыр. 2024 жыл Оңтүстік Кавказда бейбітшілік жылы болатын сияқты. Өйткені Ереван әкімшілігі Әзербайжанмен бейбіт келісім жасау, Түркиямен екіжақты қарым-қатынасты қалыпқа келтіру және Ресейдің бақылауындағы саясаттан бас тарту үшін қадамдар баса бастады.

***

Бұрын шекара мәселесіне байланысты бір-бірімен қақтығысқан Қырғызстан мен Тәжікстан 2023 жылы шекараны анықтауда ілгерілеушілікке қол жеткізгендерін жариялады. Еуразия елдері ауған халқына қолдау көрсетуді жалғастырды. Қытай Халық Республикасы Талибан билігін ресми мойындаған алғашқы ел болды.

***

2023 жылы Еуразия елдерінде өткізу жоспарланған аймақтық және халықаралық кездесулер уақытылы өтті. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық одақ, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Хазарға жағалауы бар елдері мемлекеттері басшылары, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Түркі мемлекеттерінің ұйымы және ТүркПА саммиттері өтті.

***

Әлемнің алдыңғы қатардағы  елдерінің Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ елдеріне деген қызығушылығы артты. Орталық Азия+1 саммиттері АҚШ, Еуропа Одағы, Германия, Ресей және Қытай сияқты елдер арасында өтті. С5+1 Сыртқы істер министрлерінің кездесулері дәстүрлі түрде оннан астам елмен өткізіле бастады.

***

Еуразия елдерінің Таяу Шығыс елдерімен қарым-қатынасы 2023 жылы өзара жоғары деңгейдегі сапарлармен нығая түсті. Араб елдерінің Еуразия елдеріне инвестициясы артты.

***

Оқиғалардан көріп отырғанымыздай, Еуразия елдері 2023 жылы белсенді сыртқы саясат жүргізді. Ресей-Украина соғысы және Оңтүстік Кавказда бейбітшілік орнату өткен жылдың басты оқиғалары болды.

 



Ұқсас жаңалықтар