Кония тандыр бөрегі

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері - 01

2083370
Кония тандыр бөрегі

Кония тандыр бөрегі

Тіркелген уақыты: 03.07.2023

Түркияның Орталық Анадолы аймағындағы тарихи Кония қаласы түрік тағам мәдениетінің әртүрлі үлгісіне мекен болған. Бұл тағам мәдениетінің түбінде көшпелі өмірден отырықшы өмірге көшудің іздері жатыр.

Тамақ дайындауда тандырды пайдаланудың өзі Анадолыдағы дәстүрлі тәжірибелердің бірі болып табылады. Кония муниципалитетінің өтініші бойынша 2023 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына қосылған самсаның бір түрі ретінде «Кония тандыр бөрегі» бидай ұны, су, тұз және таза ашытқымен дайындалған қамырға салма толтырып, тандырда пісіру арқылы өндіріледі. Салма әдетте көгерген ірімшік немесе қой ірімшігі мен аймақта өсетін шөптердің қоспасынан тұрады. Сұранысқа қарай дәмдеуіш және пиязмен араласқан тартылған ет немесе картоптан фарш жасауға да болады.

Қамырды жасау үшін алдымен иленген, содан кейін біраз тыныққан қамыр 6 бірдей бөлікке бөлінеді.

Бөлшектер оқтаумен ашылып, ені 20 сантиметрлік жұқа қамыр дайындаңыз. Жұқа қамырдың ортасына шамамен 100 грамм салма қойылады, қамырдың оң және сол жақ бөліктері үстіңгі жағында біріктіріледі. Бөректің қамыры ұзындығы шамамен 25 сантиметр болатындай жоғары және төмен созылады. Дайындалған салма қамырды ағаш отымен қыздырылған тандырдың ішкі қабырғасына жапсырады. Қамырдың отқа қараған беті күйіп кетпес үшін суланады.

Пісіру кезінде ісініп және салмасы төгіліп кетпеуі үшін де бөректің үсті тесіледі. Беті қызарғанша шамамен 10-15 минуттай піскен бөрек темір ілмекпен тандырдан шығарылып, ыстық күйінде қамырдың түйіскен жерінен кесіледі.

Екінші жағынан басқа бір ыдыста ерітілген сары май бөректің ішіне және үстіне құйылады. «Кония тандыр бөрегі» ыстық ұсынылады.



Ұқсас жаңалықтар