Еуразия күн тәртібі 69

Түркі  Республикаларының күн тәртібіндегі оқиғалар.

2079832
Еуразия күн тәртібі 69

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев 2023 жылдың 10 желтоқсанында Сербияға жұмыс сапарымен барды. Президент Әлиев Ниш қаласында Сербия-Болгария табиғи газ аралық қосқышының ашылуына қатысты. Сапар аясында Ильхам Әлиев Сербия Президенті Александр Вучичпен және Болгария Президенті Румен Радевпен кездесті.

***

2023 жылдың 11 желтоқсанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы (COP29) Тараптарының 29-шы конференциясы келесі жылы Әзербайжанда өтетіні ресми түрде жарияланды. Бұл шешім Әзербайжанның халықаралық аренада белсенді және экологиялық мәселелерге сезімтал ел екенін тағы бір дәлелдеді.

***

2023 жылдың 11 желтоқсанында Грузия Мәжілісінің төрағасы Шалва Папуашвили Әзербайжанға ресми сапармен барды. Грузия Мәжілісінің төрағасы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті.

***

2023 жыл 12 желтоқсанда Ташкентте Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің кеден мекемелері басшыларының 9-шы кеңесі өтті. Жиналысқа арнайы қонақ ретінде Грузияның Кеден қызметінің басшысы қатысты. Отырыста ұйымға мүше мемлекеттер арасында жеңілдетілген кедендік дәліз құрудың техникалық жайлары талқыланды. Сонымен қатар Түрікменстан, Қазақстан және Әзербайжан Румынияның Констанца порты арқылы халықаралық жүктерді тасымалдау бойынша бірлескен зерттеулер жүргізе бастағанын білдірді.

***

2023 жылы 14 желтоқсанда Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Әзербайжанға ресми сапармен барды. Министр Фидан Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесіп, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің қабылдауында болды. Екі елдің Сыртқы істер министрлері бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.

***

Жыл қорытындысында журналистердің сұрақтарына жауап берген Ресей  Президенті Владимир Путин Түркияға 2024 жылдың басында келуі мүмкін екенін айтты.

***

2023 жылдың 15 желтоқсанында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Біріккен Араб Әмірліктерінің Инвестициялар министрі Мұхаммед Хасан Әл Сувайдиді қабылдады. Кездесуде екі ел арасындағы инвестициялық тақырыптар талқыланды. Кездесу соңында Әзербайжан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында 4 келісімге қол қойылды.

***

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Украинаның Еуропалық Одаққа кіру үдерісін бастауына қарсы шықты. Венгрия Еуропа Одағының Украинаға бөлген 50 миллиард еуролық қаржылық көмек пакетіне де вето қойды.

***

ТҮРІКСОЙ ұйымының құрылғанына 30 жыл толуы Түркі Республикаларында жыл бойы түрлі шаралармен аталып өтті. Соңғы мерекелік шаралар 12-13 желтоқсанда Анкарада өтті. Түркі әлемінің мәдени астанасы атағы Шушадан Түрікменстанның Анев қаласына берілді.

***

Түрікменстанда Бейтараптық күні 2023 жылы 12 желтоқсанда тойланды. Бейтараптық күніне орай түрлі іс-шаралар өткізілді. Ашхабадта «Диалог бейбітшілік кепілі» атты халықаралық форум өтті.

***

2023 жылы 12 желтоқсанда әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың туған күні Түркі Республикаларында түрлі шаралармен атап өтілді. Желтоқсанның 13 күні Анкарада Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің мұрындық болуымен Шыңғыс Айтматов атындағы V халықаралық Ыстықкөл форумы ашылды. Форумның жабылуы Әзербайжанда өтеді.



Ұқсас жаңалықтар