Измит қаласы

Капитанның борт журналы - 33

2074242
Измит қаласы

Измит

Түркияның теңіздеріндегі саяхатымызды «Жиһанкез» атты қайығымызбен жалғастырып отырмыз.  Осы сапарымызда бізге қосылған баршаға сәлем.  Бүгінгі Кожаели сапарымызды қайықпен емес,  құрлық жолымен жалғастырамыз. Ең соңғы рет Мәрмәр шығанағы, әрі Сапанжа көлінің керемет көрінісі көрінетін Машукиеге барған едік,  естеріңізде болса.  Бүгін біз баратын жер құрлық жолымен жарты сағаттық жерде.  Сондықтан қайығымызды портта қалдырып кетеміз.

Бүгін сапарымыз Мәрмәр шығанағындағы Измитке қарай.

Измит Мәрмәр теңізі жағасында, шығанақта орналасқан. Климаты,  су көздері,  шығымды жерлері және пана болған портымен адамдарды өзіне тарих бойы тартқан.  Измиттің Қаратеңізге жақындығы мен шығанақтың тұғыры да осы жерді стратегиялық жағынан маңызды қылады. Бүгінгі Измит Рим Империясына бір кездері астана болған Никомедияның орнына құрылған.  Соңғы жылдары Измит-Чукурбағда жүргізілген қазбаларда императорлық сарайы кешенінен қалған үлкен мүсіндер,  түрлі түсті мәрмәр рельефтер мен мозайка еден секілді маңызды жәдігерлер табылды. Чукурбағда жарыққа шығарылған рельефтер Рим дәуірінен бүгінге дейін жеткен,  түстері жақсы сақталған үлгілердің бірі.  Сіздер бүгінге дейін көрген рельефтер ақ түсті болар. Түрлі түсті рельефтер деген кезде барлығы таңғалады. Көп адамның ойының керісінше әрі ежелгі грек,  әрі Рим дәуірінде рельефтер түрлі түсті болатын.  Чукурбағда шығарылған рельефтер де осының айғағы. Осы керемет жәдігерлерді көру үшін Кожаели Археология мұражайына барайық.

Измитті аралап жүріп,  Османлы кезеңінен қалған көптеген ғимарат кездестіреміз.  Осылардың бірі, бәлкім ең назар аударатыны және ең маңыздысы – Касры Хүмаун сарайы.  Бұл жердің ерекшелігі – Стамбул тысында салынған алғашқы сарай болуы.  Сарай сәулет ерекшеліктеріне жағынан Стамбулдағы Долмабахче сарайына ұқсас. Ғимараттың сырты секілді іші де керемет.  Қазір мұражай болып қызмет беріп отырған осы ғимаратқа кірелік.

Енді әлемнің ең үлкен қала саябағына кіреміз.  Сека – бір кездері Түркияның қағаз мұқтаждығын қамдау үшін құрылған комбинат.  Сека парк комбинат жабылғаннан кейін комбинаттың алаңында құрылған. Бір күн қыдырса да барлық жері таусылмайтын бір саябақ.

Енді орталықтан шығып,  табиғаттың құшағына жететін уақыт келді.  Себебі Измитте бір-бірінен әсем табиғи сұлулықтар бар.

Алғашқы аялдамамыз – Парсык үңгірі. Үңгір салактит, сталагмит және түрлі құрылымда тастарымен қалыптасқан.  Осы жерден Бешкаялар табиғат саябағына жол жүреміз.  Бешкаялар жайлауы, үңгірлері, каньоны және керемет көрінісімен табиғат сүйерлер мен серуендеушілерді күтіп тұрады.

Қиын треккинг алаңдары болса Нүзхетие сарқырамасында.  Осында жүрген кезде ағып тұрған жылғаның даусына құстың сайрағаны қосылады. Ағашқа толы сай және мұздай суымен алдыңызға сарқырама шығады.

Осы жерден Түркияда жартасқа өрмелеу спорты бірінші рет басталған жер – Баллыкаялар табиғат саябағына барамыз.  Баллыкаялар саябағы жартасқа өрмелеу деген кезде еске бірден түсетін жер. Жап-жасыл бір сайда тастардан қалыптасқан жартастар өрмелеу үшін ыңғайлы. Бірінші рет өрмелейтіндер үшін бұл жер мектеп деп есептеледі. Себебі бұл жерде түрлі қиындық деңгейіне сай өрмелеу ротасы бар.  Бұдан бұрын тәжірибесі жоқтар міндетті түрде тренермен бірге өрмелеуі керек. Әуесқойлар тысында альпинизм клубтарының мүшелері және құтқару командалары да жаттығуын осы жерде жасайды. Жартасқа өрмелеу спортымен айналыспасаңыз да,  осы сұлу сайда жылға бойымен серуендеп қайтуға болады.

Кожаелинің ең қиын каньоны Сериндере каньоны – табиғатпен оңаша болғысы келетіндер үшін бас тартылмас адрес. Бірақ бүгін осы жерге баруға күшіміз де қалмады,  уақытымыз да.  Себебі шаршадық.  Қайығымызға оралуға қалай қарайсыз?



Ұқсас жаңалықтар