Карстың қаз еті

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері - 65

2071198
Карстың қаз еті

 

Тіркелген уақыты:  03.10.2023

 

Түркияның Шығыс Анадолы аймағының тарихи Карс қаласы Түркиядағы қаз еті өндірісінің бас қаласы деп есептеледі.  Карс Сауда және өнеркәсіп палатасының 2023 жылғы өтініші бойынша Карстың қаз еті Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енді. Қаз еті Карстың ауылдық жерлерінде қазан айында семіртілген қаздардың қараша айында сойылуы, етінің суы тазаланып, тұздалғаннан кейін ашық ауада 5-10 күн кептірілуі арқылы өндіріледі.  Карста қазды жабық жерде бақпайды. Органикалық шөпке бай Карс даласының жайлау ретінде қолданылуы қаз шаруашылығы үшін өте маңызды. Карстың жері хош иісті, минералға бай 1600-ден астам шөпке толы. Өсімдіктердің пайдалы құрамы жайылған қазға өтеді. Сондықтан Карстың қаз еті фосфор, темір, кальций және калийге бай.

Шаруашылық иелері қазды қазан айында арнайы семірту үшін күтімге алады.  Осы кезеңде арпа қолданылады.  Қазан айынан бастап ауа райы салқындап, қаз арпамен семіре бастайды. Қаз етіндегі протеин мен май көбейеді. Қараша айында сойылатын қаздардың салмағы шамамен 4-5 кг болуы керек.  Қаз еті ішкі жағы қою қызыл түсті, талшыны көп, тұзды және иісі өткір болады. Ашық ауада кептірілгендіктен еттің ылғалдылығы азаяды. Карстың қаз еті сондықтан қайнатылған кезде ыдырайды және жұмсақ болады.  Әсіресе Карстың қаз етінен және етінің сорпасынан дайындалатын палау түрлері Түркия көлемінде өте танымал. 



Ұқсас жаңалықтар