Еуразия күн тәртібі 66

Еуразия Республикаларының күн тәртібіндегі оқиғаларға тоқталамыз.

2071570
Еуразия күн тәртібі 66

2023 жылдың 20 қарашасында Ирак Президенті Абдуллатиф Рашид ресми сапармен Әзербайжанға барды. Абдуллатиф Рашид Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен  кездесті. Келіссөздер соңында екі ел арасында 4 келісімге қол қойылды.

 ***

2023 жылы 21 қарашада Тәжікстан Президенті  Эмомали Рахмон Ресей Федерациясына ресми сапармен барды. Рахмон Кремльде Ресей Президенті  Владимир Путинмен кездесті. Кездесуден кейін екі ел арасында 8 келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес Ресей Тәжікстанға 8 С-300 әуе қорғаныс жүйесін берді.

***

2023 жылы 21 қарашада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Ұлыбританияның бизнес және сауда істері жөніндегі мемлекеттік министрі Нусрат Ганиді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстан-Ұлыбритания қарым-қатынастарының барысына қанағаттанушылық білдірді. Бизнес және сауда министрі Гани Қазақстанда 550 британдық компания жұмыс істейтінін хабарлады.

***

2023 жылы 21 қарашада Баку қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Парламенттік Ассамблеясының құрылғанына 15 жыл толуына орай «ТҮРІКПА: өткеннің тәжірибесі, бүгінгінің шындықтары және болашақтан күткендер» атты халықаралық конференция өтті. Конференцияға ТҮРІКПА-ға мүше елдердің депутаттары мен халықаралық ұйымдардың бас хатшылары қатысты.

***

2023 жылғы 22 қарашада Бакуде Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Жұмыс орталығының Бас Ассамблеясының отырысы өтті. Отырысқа ұйымға мүше елдерден 20 тиісті министр қатысты.

***

2023 жылы 23 қарашада Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының саммиті өтті. Саммитке Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан президенттері қатысты. Шағын және кеңейтілген құрамда өткен кездесулердің нәтижесінде 15 келісімге қол қойылды. Жиында қол қойылған ең маңызды келісімді ұйымның дағдарыстарға жедел ден қоюын көздейтін келісім деп атауға болады. Жиынға қатыспаған Армения премьер-министрі Никол Пашинян сол күні Ресейге қару сатып алу үшін ақша төлегендерін, бірақ аталмыш қаруды ала алмайтындарын жариялады.

***

2023 жылы  24 қарашада Бакуде Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия экономикасы үшін арнайы бағдарламасының  саммиті өтті. Саммитке Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан президенттері, Грузия мен Венгрияның премьер-министрлері, халықаралық ұйымдардың және Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері қатысты. Кездесу аясында екіжақты кездесулер де өтті. Саммит аясында Бакуде Арнайы бағдарламаға енген елдердің жәрмеңкесі өтті. Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасы 1998 жылы құрылған.

***

2023 жылы 22 қарашада Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымының диаспора істеріне жауапты министрлер мен мекеме басшыларының 5-ші отырысы өтті. Жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Венгрия, Өзбекстан және Түркияның көші-қон және диаспора істеріне жауапты министрлері мен шенеуніктері қатысты.

***

2023 жылы 25 қарашада Ташкентте Түркі мемлекеттері ұйымының Дін істері мен діни басқарма басшыларының 4-ші отырысы өтті. Жиынға ұйымға мүше елдердің Діни басқармасының төрағалары мен дін істері жөніндегі орынбасарлары қатысты. Кездесу соңында Түркия мен Өзбекстанның Дін істері басқармалары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 



Ұқсас жаңалықтар