Сакария және Юстиниан көпірі

Капитанның борт журналы - 29

2068414
Сакария және Юстиниан көпірі

Сакария және Юстиниан көпірі

«Жиһангездің» құрметті жолаушысы.  Сізбен саяхатқа шыққалы жеті ай болыпты.  Осы уақыт ішінде Қаратеңіздің жағалауларын, көптеген жағалау қаласын, ауданын артта қалдырдық. Кейде сізді жағалаудан алып, ішкі аймақтарға,  тауларға қарай шығардық. Қаратеңіздің бір-бірінен қалыспайтын керемет жайлаулары, орманы,  көп танылмаған ежелгі қалаларын көрсетуге тырыстым. Қаратеңіздегі саяхатымыз жалғасады, бірақ Түркияның түрлі географиялық аймақтарына да өтеміз. Бүгіннен бастап Мәрмәр аймағының теңізге жағасы бар қалаларын аралаймыз.  Дайын болсаңыз,  Сакарияға қарай жолға шығалық.

Сакария – ежелгі дәуірлерден бері маңызды бір қала. Шығымды егістік алаңдары, бай су көздері және орманымен тарих бойы адамдар қоныс тепкен мекен. Сакария Рим және Византия кездерінде сауда орталығы болған. Османлы кезінде де астана Стамбулға қажетті өнімдер қамдалған жер болған.  Астанаға жақындығы, теңіз жағасында болуы және Сакария өзені қала үшін маңызды артықшылықтар берген.

Осы барыста сіздерге бір сұрақ қойғым келеді.  Ежелгі дәуірде храмдардың,  мүсіндердің,  мемориалды ескерткіштердің және саркофагтардың ортақ бір ерекшелігі бар. Осы ортақ ерекшелік сіздің ойыңызша не? Осыған байланысты бір болжамыңыз немесе пікіріңіз бар ма? «Мәрмәр» деп жауап қайтарғандар сұраққа дұрыс жауап берді.  Анадолыда Рим империясының мәрмәр мұқтаждығы қамдалған жер – Афионкарахисар және төңірегі. Әрі мәрмәр қойнауының үлкендігі, әрі мәрмәрдің сапасы себебімен осы жерден шыққан ақ мәрмәр өте танымал. Бұл әсіресе сәулет және мүсін үшін таңдалған люкс мәрмәр түрі. Тонналаған салмақта болатын осы материалдың құрлық жолымен тасымалдануы қиын болғандықтан судың күші, яғни өзенді пайдаланғанн. Міне,  осы өзендердің ең маңыздысы және ең көп таңдалғаны – Сакария өзені. Сакария өзені сол кездері Сангариос деп аталады.  Өзен Рим дәуірінің кейбір тарихшылары тарапынан «өткел бермейтін» деп аталады,  себебі өте қатты ағады.  Император осы өзеннің үстіне бір көпір салғызады.  Міне,  Сакария деген кезде еске бірден түсетін тарихи ғимараттардың бірі – императордың атымен аталған Юстиниан көпірі.  Бүгінгі күні Бешкөпрі деп аталатын осы көпір ЮНЕСКО Әлемдік мұрасының уақытша тізімінде тұр. Қайығымызды портта қалдырып, өте көп танымал емес осы су ескерткішін көрелік.

Юстиниан көпірі Шығыс Рим империясы кезінен бүгінгі күнге жеткен әлемдегі маңызды туындылар арасында көрсетіледі. Мамандар 1500 жыл құламай қалған осы көпірдің Айя-София мешітімен жасты екенін айтады.  Екі жағындағы ғимараттарды назарға алмасақ, көпір шамамен 350 метр ұзындықта, яғни ені үш жолақты жол секілді.  Яғни едәуір үлкен. Сол кездің жазушылары да туындыларында Юстиниан көпірінің осы әдеттен тыс үлкендігі туралы жазады. Император осы көпірді бас қала мен Анадолы арасындағы байланысты жеңілдету үшін салғызған деп айтылады.  Көпір түптұсқа формасын бүгінгі күні сақтап қалса да, функциясы туралы олай айта алмаймыз. Себебі Сакария өзеніне енді көпірдің астынан ақпайды. Иә,  осы көркем және үлкен көпір бүгінгі күні ескі өзен қойнауының үстінде тұр. Ежелгі дәуір және одан бұрын Сакария өзенінің қарқыны жоғары және жиі-жиі селге себеп болады. Сел апаттарының алдын алу үшін Сакария өзенінің қойнауы өзгертіледі.  Император Юстинианның үлкен кедергі болған өзеннен өту үшін салғызған көпірі кедергі орны ауыстырылғандықтан функциясынан айрылады.  Артында да Түркияда және әлемде өте аз адам білетін шамамен 1500 жылдық осы көркем көпір қалады.

Сакарияның керемет табиғаты бар,  алайда табиғи сұлулықтарын баяндауға әлі кірісе алмадық. Бір кездердің көркеміне куә болған,  көп адам біле бермейтін керемет Юстиниан көпірін бірге көрелік деп шештім.  Сөзіміз көпке созылған болса,  айыпқа бұйырмаңыз.  Келесі апта толықтырармыз.



Ұқсас жаңалықтар