Мамандардың айтуынша жасанды интеллект медиада тамырлы өзгеріске жол ашады

Ең қызықты деректер - 52

2050462
Мамандардың айтуынша жасанды интеллект медиада тамырлы өзгеріске жол ашады

Мамандардың айтуынша жасанды интеллект медиада тамырлы өзгеріске жол ашады

 Күн өткен сайын жаңа жетістіктермен адам баласының алдына шыққан жасанды интеллект технологиясы көптеген жерде болғаны секілді медиа саласында да жағымды және жағымсыз көптеген өзгеріске себеп болуы мүмкін.

**

Жасанды интеллектке байланысты жаңалықтар көптеген пайдасымен қоса жұмыссыздық және әлеуметтік этика мәселелерінің ортаға шығуына себеп болады.

Қазір көптеген қолданушы жасанды интеллект немесе алгоритмнің мағынасын да білместен күнделікті өмірінде денсаулық және білім, тұтыну әдеттеріне дейін барлық мәліметтерін жариялап жүр.  Жиналған мәліметтердің жинақталуы және олардың адам баласына қарсы қолданылуы уайымдары талас болуда.

Адам баласына еліктейтін осы технология дистопия және утопия арасында өте жіңішке бір сызық бар екенін және осы сызықтың адамдардың басымдықтарын белгілейтінін ортаға шығарып отыр. Медиа саласы да жасанды интеллект технологияларының ықпалы көп сезілетін салалардың басында келеді.

Медиа платформасы «Almost-тың”  құрылтайшысы және бас редакторы Кэсси Чо мен «Goodable-нің» басшысы Мұхаммад Лила жасанды интеллект технологияларының жағымды және жағымсыз әсерлерін және осы салаға әкелетін өзгерістерін айтып берді.

Чо алгоритмдердің медиадағы ролін меңзеп,  «Журналистердің жетік білетін нәрселеріне шоғырлануы үшін оларды еркін жіберуге көмектесуі мүмкін.  Уақытымызды репортаждарды жазуға айналдыру және мазмұнын аудару секілді жұмыстарға жұмсамайтын болғандықтан тиімді қозғалуымызды қамдауы мүмкін. Осылайша уақытты жақсы қолданамыз» деді.

Ол жасанды интеллектің адамдар қалыптастырған контенттерге сүйенетіндіктен алдын ала пікірі болатынын және керемет болып шықпайтынын білдірді. Чо жасанды интеллект технологиялары адамдардың жұмыссыз қалуына себеп болады деп ойламайды.  Жасанды интеллектің медиадағы қолданысының адамдарды одан да жақсы журналист болуға итермелейтінін айтқан Чо былай жалғастырды: «Кейбір адамдардың потенциалды түрде жұмыстан кететінін білемін. Бірақ менің ойымша бұл бізді одан да шығармашылыққа итермелейді. Себебі пікірлерді жасанды интеллект шығармайды.  Бұл бізді одан да жақсы журналист болуға бағыттауы мүмкін,  себебі жаңа пікір ойлап табуға, жаңа форматтар ойластыруға, одан да үздік контент өндіруге, жақсы журналистік қызмет атқару үшін жасанды интеллекті қалай қолданатынымызды білуге шоғырланатын боламыз»

Зияны пайдасынан көп болуы мүмкін

«Goodable-нің»  басшысы Лила да алгоритмдердің адамға беретін зияндарының артықшылығынан көп болуы мүмкін екенін атап көрсетті.  Ол медиа және журналистика туралы айтқанда,  жасанды интеллектің жылдам және тез үйрену секілді жақтары болса да, болашақ тұрғысынан үлкен қауіп алып келетінін тілге тиек етті.

«Егер мұқият болмасақ, жасанды интеллект қоғамымызды жояды.  Негізінде осыншама қауіпті деп ойлаймын» деген Лила адамдардың дұрыс пен бұрысты айыру қабілетін жасанды интеллектке беруінің үлкен проблема екенін айтты.

Жасанды интеллект технологияларының жетілуімен көптеген адам жұмыссыз қалатынын білдірген Лила: «Журналистер жасанды интеллект қолданбаса және жасанды интеллектің жаңа контент өндіру күшін түсінбесе,  ойында артта қалады» деді.

Дереккөз - AA



Ұқсас жаңалықтар