Ататүріктің бейбітшілікке үлкен мән бергенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 52

2029700
Ататүріктің бейбітшілікке үлкен мән бергенін білетін бе едіңіз?

Өмірінің 30 жылын жауынгерлікпен өткізген Мұстафа Кемал Ататүріктің бейбітшілікке үлкен мән бергенін білетін бе едіңіз?

 

Әскери өмірін 12 жасынан бастап, төрт соғыста шайқасқа қатысып, маршал дәрежесіне дейін көтерілген Мұстафа Кемал Ататүрік үшін соғыс қажет, әрі өмірлік маңызы зор болды. Ұлт болмысына қауіп төнбесе, соғыстың қастандық екенін айтқан.

Ол тілге тиек еткен «Елде бейбітшілік, әлемде бейбітшілік» бостан бос айтылған сөз емес. Ұлы гуманист Ататүріктің бұл сөзі Түркия Республикасының басты қағидасы болған. Бұл қағида бір жағынан елдің бейбіт, тыныш және қауіпсіз өмір сүруі, екінші жағынан да халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті көздейді. Өйткені әлемнің кез-келген жерінде болатын бір мазасыздық баршаға зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан ұлттар басқа ұлттардың мәселесіне бей-жай қарай алмайды.

«Елде бейбітшілік, әлемде бейбітшілік» бостан бос айтылған сөз емес,  ұстанымының нәтижесі. Мұстафа Кемал Ататүрік өз дәуірінің ең үлкен бейбіт ұрпағын құрды және 1934 жылы Грекияның премьер-министрі Венизелос тарапынан Нобель сыйлығына ұсынылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар