Жарнама әлемінің жаңа нарығы: Dream Engineering

Ең қызықты деректер - 31

1980677
Жарнама әлемінің жаңа нарығы: Dream Engineering

Жарнама әлемінің жаңа нарығы: Dream Engineering

Технологиялық әлемдегі ең үлкен шабыт көздерінің бірі, сөзсіз, кино индустриясы. Бүгінде жақын тарихтағы ғылыми фантастика ғылыми шындыққа айналуын жалғастыруда. Кристофер Нолан жазған «Inception» фильмі жанрдың соңғысы болуы мүмкін.

**

Фильмнің тақырыбы естеріңізде болар. Леонардо Ди Каприо сомдаған Кобб кейіпкері – өте қабілетті ұры. Алайда ол ұрлық жасаған жер банк те емес, мұражай да емес, маркет те емес.  Ақыл-ойдың ең қорғансыз уақыты түс көру кезінде адамдардың түпкі сана мәліметтерін ұрлайтын еді.

Алайда қабілетін көрсетуі керек алаң – бұл жолы бір пікірді ұрлау емес, жаңа пікір орналастыру және ойларын алмастыру.

Ал бұл фильм шындыққа айналуы мүмкін бе?

MIT зерттеуі шабыт берді

Бұл туралы ой-пікір  MIT, Гарвард және Монреаль университеттерінен 3 зерттеушісі жазған мақаладан кейін бірінші орынға шықты.

MIT-тің түске хаккерлік жасау  және ұйықтап жатқан адаммен байланыс құруға арналған құрылғыны жасағаны белгілі.

Дегенмен бұл зерттеулер түс көру үйренуге қалай әсер ететінін зерттеу, бір травмадан  кейінгі стресстік бұзылулардан туындаған қорқынышты түстерді жақсы түсіну және емдеу үшін жүргізіледі.

 Кемінде бізге берілген «ресми түсініктеме» осындай.

Жарнама компаниялары жақыннан қадағалап отыр

Мақаланы жазғандардың екеуі MIT жобалаған осы жиһаздың өндірісінде жұмыс істейді. Назар аудару керек нәрсе – сауда фирмаларының түс инженерлігіне деген қызығушылығы.

Фирмалар ұйқы мен түс қарақшылығы арқылы сатып алу қимылын өзгертудің және бағыт берудің жаңа жолдарын сынап көріп жатыр. Яғни түстің мазмұнына әсер ету үшін ұйқыдан бұрын немесе ұйқы барысында индуктор ұсынылуы коммерциялық мақсатқа айналады.

Бұның қалай жасалатыны жөніндегі егжей-тегжейлер әлі белгілі емес.  Алайда фирмалардың «түс инженерлігіне» деген қызығушылығы адамды алаңдатады.

Зерттеушілер АҚШ-та жарнамаларды реттейтін Федералдық Сауда комитетіне да шақыру тастады. Түс инженерлігіне қазірден тыйым салынуын сұрады.

Түс хакерлігінің қаншалықты шын мамандыққа айналатынын қазірден айтып беру мүмкін емес.  Алайда фильмдер технологияның құдіретті көріпкелдері болуды жалғастырады.

Дереккөз  TRT Haber



Ұқсас жаңалықтар