«Ерзурум толтырылған кадаиф тәттісі»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 27-2023

1956285
«Ерзурум толтырылған кадаиф тәттісі»

«Ерзурум толтырылған кадаиф тәттісі»

Тіркелу уақыты:  01.03.2010

Түркияның Шығыс Анадолы аймағына орналасқан тарихи қаланың атымен аталған «Ерзурум толтырылған кадаиф тәттісі» Ерзурум Сауда биржасының өтініші бойынша 2010 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері тізіміне енді. «Ерзурум толтырылған кадаиф тәттісі» үлкендігі алақандай қызартылған ши кеспенің (кадаиф) арасына ұсақталған жаңғақ салынып, домалақтап оралғаннан кейін жұмыртқаға иленіп, ыстық майда қуырылғаннан кейін дайындалған шәрбәтқа малынып жасалатын тәтті түрі. «Ерзурум толтырылған кадаиф тәттісінің» дәмді болуы қолданған материалдың, әсіресе қызартылған ши кеспенің (кадаиф) сапасына байланысты. Қызартылған ши кеспе (кадаиф) өте қалың немесе өте жіңішке болмауы керек. Тәттіні жасау үшін 20-25 грам қызартылған ши кеспе (кадаиф) үстел бетіне жазылады, ішіне 10 грам ұсақталған жаңғақ себіледі және баяу оралады. Шайқалған жұмыртқаға батырылғаннан кейін жұмыртқаның сүзілуі үшін тәттіні табақтың ішіне салады. Ысытылған майға 10 минут қуырылған тәттіні алдын ала дайындалып, суытылған шәрбәттің ішіне салады. «Ерзурум толтырылған кадаиф тәттісі» шәрбәті сіңгенге дейін бірнеше минут шәрбәттің ішінде тұрады. Толтырылған кадаиф тәттісін тураған кезде ши кеспенің тал-тал болып көрінуі, іші әбден піскен болуы, алайда қамыр күйінде болмауы өте маңызды.

 


 



Ұқсас жаңалықтар