Смарт сағаттар: артықшылық па,  қауіп пе?

Ең қызықты деректер - 24

1947669
Смарт сағаттар: артықшылық па,  қауіп пе?

Смарт сағаттар

Қолдану алаңы күннен күнге артып келе жатқан смарт сағаттардың ең таңғаларлық ерекшелігі – оны медициналық салада қолдану. Дегенмен бұл деректердің дәлдігі және деректерді бұзу қаупі де талқылануы керек мәселе болып табылады.

**

Телефондардан кейін ең жылдам дамыған смарт құрылғылар сағаттарымыз болды. Сағат пен минут тіліннің орнын цифрлық сандар алды. Телефондарымыз сағатымызбен байланысып, олар арқылы хабарламаларымызды оқып, электронды поштамызды тексере бастадық.

Енді смарт сағаттар қандағы оттегін өлшейді, Электрокардиогра́фия түсіреді, жүрек соғу жиілігін бақылайды, тіпті бізге күнделікті ішу керек су мөлшерін де айтып отырады.

«Құрылғылардың қаншалықты дұрыс жұмыс істейтіні туралы деректер жеткіліксіз»

Бұл құрылғылармен қамтамасыз етілген деректер шын мәнінде үлкен әлеуетке ие, бірақ ғылыми зерттеулер бұл құрылғылар ұсынған деректердің өкінішке орай 100 пайыз дәл емес екенін көрсетеді. Дегенмен әсіресе ұзақ мерзімді бақылауды қажет ететін науқастарда смарт сағаттар өте жақсы іске асады деп айтуға болады.

Смарт сағатты пайдалану денсаулыққа зиян ба?

Смарт сағаттарды пайдаланудағы ең алаңдатарлық мәселелердің бірі - оның денсаулыққа кері әсері болып болмайтыны.

Осы тақырыптағы зерттеулер көрсеткендей, смарт сағаттар айтарлықтай проблемалар тудырмайды, өйткені олар телефонмен сөйлесуге мүмкіндік беретін технологиялардан басқа әдістерді пайдаланады.

Смарт сағаттардағы деректерді бұзушылық қаупі

Барлық денсаулық статистикасы, мысалы біз басқан қадам саны, күнделікті жүріп өткен жол, кез келген басқа деректер заң бұзушылыққа ұшырауы мүмкін. Көптеген смарт сағаттарта қауіпсіздік қауіпсіздік қамдалғанына қарамастан, хакерлер мобильді желілерге қосылатын құрылғыларды бұза алады. Құрылғы мобильді төлемдерге ашық болса немесе үйдегі және көліктегі басқа құрылғыларды басқара алатын болса, бұл қауіп еселеп түрде артуы мүмкін.

Денсаулық жөніндегі деректер басқа деректермен біріктірілуі мүмкін

Денсаулық туралы деректер жинағы адамның орналасқан жерін анықтаудан бастап қол қозғалысын жазып алуға (смарт білезік немесе смарт сағатты пайдаланған кезде), сол секілді құпия сөздерді біліп алуға дейін ықтимал қауіптерді қамтиды.

Денсаулық туралы деректер үшін қазір бізге белгілі мұндай зерттеу жоқ, бірақ бұл деректер оны басқа деректермен біріктіру нәтижесінде маңыздырақ болады деп айтылады.

Бақылауды қалай қамдауға болады?

Біріншіден телефондарымыздағы сияқты сағаттарымызда да есеп шоттарға және геолокацияға кіруге байланысты сұраныстарды қабылдамауымыз керек.

Құрылғы құпия сөздерін өзгерту және құлыптау экранын актив қылу да қорғанысыңызды арттыруы мүмкін. Сол секілді  қауіпті болуы мүмкін қосымша қолданбаларды пайдаланбау керек.

Смарт сағат пайдаланатын немесе пайдалануды жоспарлап отырған азаматтарға кеңес:

"Біріншіден бұл құрылғылардан алынған мәліметтерді дәрігерлерге көрсету керек және одан кейін емдеу процестерін жоспарлау керек. Екіншіден жеке бастың деректерін қорғау өте маңызды. Бұл құрылғылардың көпшілігі жеке деректерді жинайтынын білу қажет.  Үшіншіден біз бұл құрылғыларды салауатты өмірімізді арттыру үшін пайдалануымызға болады, бұл бізді ынталандырады,  қадамдарымыздың санын  көбейтіп, спортпен көбірек айналысуымызға болады.



Ұқсас жаңалықтар