Ара Гүлердің ежелгі Афродисиас қаласын кездейсоқ ашқанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 24

1945765
Ара Гүлердің ежелгі Афродисиас қаласын кездейсоқ ашқанын білетін бе едіңіз?

1958 жылы журналист Ара Гүлер бір іс-сапарда адасып қалады. Өзі демалған ауылда тарихи бағаналар мен мүсіндерді көріп, суретке түсіреді. Ара Гүлер түсірген бұл фотосуреттер әлемдегі ең маңызды басылымдар мен ЮНЕСКО-ның назарын аударады. Гүлердің еңбегі және әлем баспасөзінің қызығушылығымен бұл тарихи қирандылардың б.з.д. 5-ші ғасырда негізі қаланған ежелгі Афродисиас қаласына тиесілі екені байқалады.

Ежелгі Афродисиас қаласы Анадолының батысында, Айдын қаласының Қараджасу ауданына қарасты Гейре ауылы маңында орналасқан. «Афродисиас» аты айтып тұрғандай, махаббат пен сұлулық тәңірі «Афродитаға» арналған және «Афродитаның орны мен аймағы» деген мағынаны білдіреді. Рим дәуірінде Афродита храмымен даңқы шыққан және жан-жақты дамыған қалалардың бірі. Ара Гүлер көне қаланы ашқаннан кейін археолог профессор Кенан Тевфик Эримнің жеке бастамасымен ежелгі Афродисиаста қазба бағдарламасы басталды. Афродисиас қазбаларымен танымал профессор Кенан Тевфик Эрим Нью-Йорк университетінде классикалық дәуір профессоры және Афродисиас қазбалары жетекшілігі қызметін жалғастырды. Эрим саяхат, жазба және баяндамаларымен Афродисиастың әлемге әйгілі болуына және қазба жұмыстарын қаржыландыруға үлкен үлес қосты.

Ежелгі қаланың ғибадатханасы, монша мен агора, стадион, 8000 орынды театр, Рим мен Византия кезеңдері арасында салынған қамалдары, акрополь және одеон секілді құрылыстары бүгінгі күнге дейін сақталған. Дүние жүзіндегі ең маңызды көне құрылыстарының қатарында көрсетілген қирандылардың ең жақсы сақталған тамаша құрылымдарының бірі қаланың солтүстігінде орналасқан ұзындығы 270 метр және 30 000 көрерменге арналған стадионы болып табылады.

Қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер орын алған және қирандыларымен астасып жатқан сирек мұражайлардың бірі «Афродисиас» мұражайында Рим, Византия және ерте Ислам дәуірінің туындылары қойылған.

2004 жылы сарапшылар алқасының шешімімен «Үздік Ежелгі он қала» тізіміне енген Афродисиас қирандылары 2017 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар