Оңтүстік Кавказда өткен аптадағы сапарлар

Еуразия күн тәртібі – 24-2023

1945258
Оңтүстік Кавказда өткен аптадағы сапарлар

Бүгінгі бағдарламамызда Оңтүстік Кавказда өткен апта болған маңызды сапарларға тоқталамыз.

Өткен аптада Оңтүстік Кавказда маңызды сапарлар болды. Осы сапарларға қысқаша тоқталайық.

Мысыр президенті Әбдел Фаттах әл-Сиси 2023 жылы 27-29 қаңтар арасында Оңтүстік Кавказға сапарлай барды. Мысыр президентінің алғашқы сапары Бакуге жасалды. 28 қаңтарда өткен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен президент әл-Сиси бас қосуында Әзербайжан мен Мысыр қарым-қатынастары, аймақтық тақырыптар талқыланды.  

Мысыр президенті Әбдел Фаттах әл-Сиси 28 қаңтарда Арменияға барды. Ереванда президент әл-Сиси Армения президенті Вахагн Хачатурян және премьер-министр Никол Пашинянмен жеке-жеке кездесу өткізді. Кездесулерде білім беру, мәдениет, ғылым, спорт сияқты салалардағы ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылды. Осылайша Мысырдың бір президенті Арменияға тұңғыш рет сапармен барды.

29-30 қаңтарда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Венгрияға сапарлай барды. 30 қаңтарда Будапештте президент Әлиев ресми рәсіммен күтіп алынды. Рәсімнен кейін екі ел президенттері Ильхам Әлиев пен Каталин Новак оңаша бас қосты. Сол күні президент Ильхам Әлиев Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті. Кездесуде энергияны қамтыған күн тәртіптегі тақырыптар қолға алынды. Кездесулерден кейін 6 келісім мен стратегиялық ынтымақтастықты бекемдеуге байланысты ортақ хаттамаға қол қойылды. Лидерлер арасында Әзербайжан электр энергиясының Қаратеңіз арқылы Еуропаға тасымалдануы, Әзербайжан табиғи газының Венгрияға және Венгрия арқылы Еуропа елдеріне жеткізілуі тақырыптарында келісім жасалды. Әлиев пен Орбан баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Президент Әлиев келесі аптадан бастап Қарабахты қайта құру тақырыбында Венгрия компанияларымен нақтылы жобалар жайлы кездесетіндерін білдірді.

2 ақпанда Румыния президенті Клаус Иоханнис Әзербайжанға ресми сапармен барды. Президенттер Ильхам Әлиев пен Клаус Иоханнис кездесуінде энергияны қамтыған екі ел қарым-қатынастарына қатысты тақырыптар қолға алынды.

3 ақпанда Бакуде Әзербайжан мен Румыния президенттерінің қатысуымен 9-шы кезекті Оңтүстік Табиғи газ дәлізі министрлер ақылдасу жиналысы өткізілді. Жиналысқа Еуропа Одағы, АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Түркия, Грузия, Венгрия, Болгария, Грекия, Албания, Молдавия, Сербия, Черногория, Украина және Хорватия елдерінен министрлер қатысты.

Өткен апта Оңтүстік Кавказ елдерінің Түркиямен қарым-қатынастарында маңызды қадамдар басылды. Түркия Ұлттық Білім беру министрі Махмут Өзер мен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің делегациясы 1 ақпанда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев тарапынан интернет арқылы қабылданды. Кездесуде екі жақтылы қарым-қатынастар, ашылуы жоспарланған Әзербайжан-Түркия университеттері тақырыптары талқыланды.

1 ақпанда Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Гасанов Түркияға келді. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акардың шақыруымен келген Гасанов «Қыс жаттығулары-2023» халықаралық әскери жаттығуларын бақылады.

Оқиғалардан байқалғанындай, өткен апта Оңтүстік Кавказ елдерінде маңызды сапарлар жасалды. Әзербайжан Еуропа Одағы елдерімен қарым-қатынастарын бекемдеп келеді.



Ұқсас жаңалықтар