Әлеуметтік медианы көп қолдану жалғыздыққа итермелейді

Еі қызықты деректер - 23

1945001
Әлеуметтік медианы көп қолдану жалғыздыққа итермелейді

Әлеуметтік желіні шектен тыс пайдалану жалғыздықты арттырады

Әлеуметтік медиа желісі саналы түрде қолданған жағдайда,  көптеген артықшылық ұсынады.  Алайда көп қолдану кейбір проблемаларды ала келеді. Осылардың бірі- қолданушыларын жалғыздыққа итермелеуі.

Виртуалды ортадағы  тіркелген көп оқырман, яғни тіркелуші тізімі шын өмірде де көп досы бар деген сезімді оятады.  Алайда шындығында көбіне бұл керісінше.  Тіпті әлеуметтік медиа желісін белсенді қолданғандар көбіне жалғыз және өмірде оқшауланған.

**

Байланысқа өту, лайк жинау, өміріңдегі маңызды сәттермен бөлісу... Әлеуметтік медиа – қазіргі заман адамдарының бас тартылмас әдеті.  Тіпті тәуелділіктің бір түрі деуге болады.  Күн сайын әлемде миллиондаған адам әлеуметтік желіде басқа адамдармен байланысқа өтіп жатады.

Әлеуметтік медиа саналы қолданған жағдайда,  көптеген артықшылық ұсынады. Әсіресе уақытпен жарысқан қазіргі дәуірде адамдар арасындағы байланысты жеңілдетеді.  Алайда әлеуметтік желіде көп отыру өзімен бірге кейбір проблемаларды ала келеді. Осылардың бірі – әлеуметтік желінің қолданушыларды жалғыздыққа итермелеуі.

Сонда қалай? Күн сайын жүздеген адаммен байланыс құрса да жалғыздыққа қалай итермеленеді?

Жалғыз және оқшау сезінуге жол ашады

Тіркелген оқырман саны көп болса да,  тек виртуалды ортада дос болғандықтан шын өмірдегіден көп адамға қол жеткізуге болады. Алайда бұл алдаудың бір түрі.  Психолог Жемре Еже Гөкпынардың айтуынша «Негізінде аз адамға қол жеткізуге,  яғни шын өмірден алыстап, виртуалды ортада мақұлдану, ұнатылу және сезімдерді бөлісу мұқтаждықтарына бағытталуымызға жол ашады».

«Менен басқалардың бәрі тамаша өмір сүріп жатыр»

Әлеуметтік желіні көп қолданатындардағы басқа бір қате болса Гөкпынардың айтуынша «Менен басқалардың бәрі тамаша өмір сұріп жатыр» деп ойлауы.  Психолог мұндай жағдайдың көбіне жасөспірімдер мен жастар арасында көп кездесетінін айтады. «Әлеуметтік желіде жарияланған нәрселерді басқа адамдар көріп, ұнатсын, лайк бассын деп жариялайды. Әлеуметтік желі қолданатын адамдар әрине ең сұлу, ең мінсіз,  ең жақсы кездерін жариялағандықтан адамдарға, әсіресе жастарға «менен басқа адамдардың барлығының өмірі тамаша» деген ой қалыптастырады» дейді маман.

Әлеуметтік желі саналы түрде қолданылуы керек

Әлеуметтік желі – заманауи тұрмыстың бас тартылмас бөлшегі.  Ал өміріміздің ішіне осыншама енген осы әлеуметтік медиа желісі себебімен жалғыздыққа шалдықпаудың бір амалы бар ма? «Бұл үшін саналы қолданушы болуы керек» дейді Гөкпынар. «Негізінде әлеуметтік желінің өте артық және адамға шыныменен пайдалы жақтары бар.  Әрине сезімдерді бөлісу, мақұлдану, ұнатылу секілді мұқтаждықтарды қамдайды.  Бірақ осы платформаларда адамның өз ақыл-ойын бір деңгейде ұстай білуі қажет. Өзі қалай болса сол қалпында көрінуі керектігін білуі қажет. Сондықтан әлеуметтік желіні тек құрал ретінде пайдалану керек.  Бір мақсатқа айналдыру – қате» дейді психолог.

Дереккөз: Trt Haber

 



Ұқсас жаңалықтар