Түркиядағы балдың төрттен бір бөлігінің Муғлада өндірілетінін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 22

1939225
Түркиядағы балдың төрттен бір бөлігінің Муғлада өндірілетінін білетін бе едіңіз?

Бал ежелден бері адам баласының ең маңызды тағам көздерінің бірі болып табылады. Әлем мен Түркияның бал өндірісінің маңызды бөлігі Муғла аймағынан қамтамасыз етіледі. Қыс маусымы қоңыржай өтетін бұл аймақ омарташыларға жыл бойы гүлдің түр-түрін ұсынады. Сондай-ақ цитрус пен бадам тұқымдастарынан тұратын ірі бақтардың аймақтық омарта шаруашылығы үшін маңызы зор. 

Өңірдің тағы бір байлығы  Ликвидамбар (Liquidambar) ағашы. Муғла аудандарында өсетін эндемикалық ағаш түрі болып табылатын «Анадолы ликвидамбарының» тозаңы антисептикалық қасиетімен өте құнды. Дегенмен үлкен қарағай ормандары себепті Муғладағы негізгі ара шаруашылығы өнімі «чам балы» (қарағай балы) болып табылады. Муғла аймағындағы қарағай балы өндірісі қаланың тарихымен бірдей. 

Қарағай балы – аралардың гүл тозаңынан емес, Жерорта теңізі климатына жататын кейбір қарағай түрлерінің кеудесінде тұратын жәндіктің секрециясынан өндіретін ерекше бір бал. Қарағай балын өндіретін және отаны Түркия болып табылатын бұл жәндік тек «түрік чамы» деп аталатын «қызыл қарағай» мен «Алеппо қарағайында» өмір сүреді. 

Түркия экспорттайтын балдың көпшілігі «қарағай балы» болып табылады. «Қарағай балы» медицина және тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылады, өйткені ол ұзақ уақыт бойы кристалданбайды және функционалды тағамдық қасиеттерге ие. Қою түсті Муғла қарағай балының ерекшелігі оның құрамында темір, марганец және мырыш сияқты интенсивті минералды заттар болуы. Жүргізілген зерттеулер Муғлада өндірілген «Чам балының» микробтарға қарсы әсерінің өте жоғары екенін көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар