Мерсин Тантуни тағамы

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 21-2023

1938818
Мерсин Тантуни тағамы

Мерсин Тантуни тағамы

Тіркелу уақыты:  21.03.2017

Түркияның Жерорта теңізі жағалауындағы қала Мерсиннің ең танымал тағамы арасындағы «Мерсин Тантуни тағамы» 2017 жылы Мерсин Кәсіпкерлер мен өнерпаздар одағының өтінішімен Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енді.

«Мерсин Тантуни тағамын» өзге етті тамақтардан айырған ерекшелігі сиырдың майлы қабырға еті және мақтаның майымен жасалған кездегі шеберлік болып табылады. Майлы сиыр етін өткір пышақпен ұсақтап турағаннан кейін қазанда 20 минут қайнатылады. Піскен ет ортасы шұңқыр арнайы Тантуни табағына салынады және ішіне мақта майы құйылады, қызыл ұнтақ бұрыш, сумак, тұз қосып, бір қалыпты отта қуырылады. Ет піскен соң табақтың шетіне тізіледі. Тантуни еті лаваш нан немесе қарма нанның арасына ұсақтап туралған қызанақ, пияз және ақжелкен қосылып, үстіне лимон суы себіліп желінеді. Тамақпен бірге қасына тұздалған көкөніс, жасыл көкөністер қойылады, айран немесе жеміс шырынымен бірге ұсынылады.



Ұқсас жаңалықтар