Балыкесир Хошмерим тәттісі

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 19-2023

1930782
Балыкесир Хошмерим тәттісі

Балыкесир Хошмерим тәттісі

Тіркелу уақыты:  21.02.2011

Түркияның әрі Эгей, әрі Мәрмәр теңізіне жағалауы қосылған Балыкесир қаласы тарихы мен географиясы ғана емес, Османлы дәуірінен бүгінге жеткен бір-бірінен атақты тағамдары және тәтті-дәмділерімен де танымал аймақ. Осылардың ең маңыздысы «Балыкесир Хошмерим тәттісі» Балыкесир Аспаздар мен котлет шеберлері одағының өтінішімен 2011 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына қосылды. «Балыкесир Хошмерим тәттісі» тұзсыз қатық, қант, бидай қиыршығы, жұмыртқаның сарысы және түсті бояуды бірге қайнату жолымен жасалады. Өнеркәсіп түріндегі өндірісте алдымен 1 килограм шикі сүт қатық ашытқысымен ұйтылады. Сүт ұйығаннан кейін тәттіге толық араласуы үшін ұсақталып, араластырғышпен араластырылады. Сонымен бірге қатықтың сарысуы ысытылып, ішіне бір жұмыртқаның сарысы қосылады. Дайындалған тәтті 65 градус ысығанда ішіне 700 грамм қант, 85 градус ысығанда 150 грамм бидай қиыршығы қосылып, бір жарым сағат араластырылып, қайнатылады. Піскеннен кейін 15 минут күтілген Хошмерим тәттісін суықтай жеуге болады.

 

 


 



Ұқсас жаңалықтар