Жүрек денсаулығына пайдалы тағамдар

«Денсаулық зор байлық» - 06

1890430
Жүрек денсаулығына пайдалы тағамдар

Бұл бағдарламамызда жүрек денсаулығына пайдалы тағамдарды тілге тиек етеміз.

1. Сарымсақ

Күшті антиоксидант болып табылатын сарымсақ құрамындағы белсенді ингредиенттің арқасында қан тамырларының бітелуінің алдын алуда, қан қысымын және қандағы майларды азайтуда маңызды рөл атқарады, холестериннің қан тамырларын зақымдауына жол бермейді. Күніне 1 түйір сарымсақ жеу жеткілікті. Дегенмен егер сіз қанды сұйылтатын, қан қысымы немесе липидті төмендететін дәрілерді қабылдасаңыз, сарымсақ тұтынуды шектеңіз.

2. Соя

Құрамындағы жоғары ақуыздан басқа В1, темір, мырыш, фосфор және магний арқылы жүрек ауруларының алдын алуда тиімді. Зерттеулер көрсеткендей күніне 25 грамм соя үнемі тұтыну жүрек ауруының қаупін азайтады.

3. Зығыр тұқымы

Оның құрамында қанықпаған май қышқылдары, калий, талшық, Е дәрумені және омега-3 бар. Зығыр тұқымы жүрек ауруын қорғайтын ерекшелікке ие. Күн сайын 1 ас қасық зығыр дәнін йогурт, сорпа сияқты тағамдарға қосу арқылы тұтынуға болады.

4. Арпа

Көмірсу қоймасы арпа құрамында В6 дәрумені, темір, мырыш бар. Бұл жаман холестеринді төмендетуге көмектеседі.

5. Банан

Құрамындағы калийдің арқасында ол минерал қоймасы болып табылады. Жоғары қан қысымын және жаман холестеринді төмендетеді.

6. Қызылша

Калий мен фолий қышқылының бай көзі және өте төмен калорияға ие. Құрамында табиғи қант бар.

7. Қарбыз

Қарбыздағы белсенді ингредиенттер қан ағымын реттейді және жүрек денсаулығын нығайтады.

8. Орман жаңғағы, жаңғақ, бадам

Жаман холестеринді төмендетеді, жақсы холестеринді арттырады, қандағы ұюды азайтады және триглицерид деңгейін төмендетеді.

Күн сайын 2-3 жаңғақ, 8-10 шикі бадам немесе орман жаңғағын тұтыныңыз. Омега 3 және Е дәруменіне қоса магний мен талшық құрамының арқасында жаңғақ, бадам және орман жаңғағы қандағы жаман холестеринді азайтып, жақсы холестеринді арттыруға көмектеседі.

Күніне бір уыс бадам жеу де серотонин шығару арқылы көңіл-күйіңізге жақсы әсер етеді.

9. Брокколи

В дәрумені мен фолий қышқылына бай брокколидің күйзеліске, үрейге, дүрбелеңге және тіпті депрессияға жақсы әсер ететіні анықталған.

10. Қызыл орман жидектері

Қаражидек, таңқурай, мүкжидек, көкжидек және құлпынай сияқты орман жемістері калориясы төмен, жоғары талшықты, құрамында селен және полифенол сияқты күшті антиоксиданттық заттар болғандықтан олар көптеген созылмалы аурулардың қаупін жояды.

11. Саңырауқұлақтар

Саңырауқұлақтар қабынуға қарсы және антиоксиданттық қасиеттерінің арқасында жүрекке өте пайдалы.

12. Қызанақ

Қызанақ құрамындағы ликопеннің арқасында жүрек-қан тамырлары аурулары мен инфаркт қаупін азайтады, қандағы холестерин деңгейін жақсартады. Қызанақты шикі немесе пісірілген күйде жеуге болады. Зерттеулерге қарағанда қызанақты пісіру арқылы тұтыну тиімдірек.

13. Самалдық

Калий мен талшыққа бай самалдық қан қысымын реттейді, холестеринді төмендетеді және жүрек бұлшықетінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Бақша қараоты және брокколи сияқты көкөністер де жүрекке тиімді.

14. Алма

Күніне бір алма жеу әсіресе жаман холестеринді төмендетіп, жүрек ауруының қаупін азайтады.

15. Кептірілген бұршақ, ноқат, жасымық

Кептірілген бұршақ дақылдары құрамындағы талшықтың арқасында қандағы жаман холестерин LDL деңгейін төмендетуге көмектеседі.

16. Көк шай

Құрамындағы қосылыстармен жүрек ұстамасының ең маңызды себебі болып табылатын тромбтардың пайда болуына жол бермейді және жаман холестеринді төмендетеді.

17. Зәйтүн майы

Ол жүрек-қан тамырлары ауруларына қарсы қорғайды және жаман холестеринді төмендетеді. Күніне 2-3 ас қасықтан аспаңыз. Май қолданғанда зәйтүн майын таңдаңыз.

18. Балық

Балық жүрек-қан тамыр ауруларының алдын алады, жаман холестеринді төмендетеді, жақсы холестеринді арттырады және жүрек ырғағын реттейді. Бірақ балықты қуырмаңыз, оны грильде пісіріңіз.

Ақ тунец, лосось, скумбрия, майшабақ, форель және герань сияқты майлы балықтар жүрек ауруларының қаупін азайтатын омега 3 май қышқылдарына өте бай.

19. Асқабақ тұқымдары

Магнийдің бай көзі болып табылатын асқабақ дәндерін күніне жарты стакандай жегенде күнделікті магний қажеттілігін қамтамасыз етеді. Магний қан қысымын жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар жүрек ұстамасы мен инсульт сияқты аурулардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.

20. Бақша қараоты

Табиғаттың емдік тағамдарының бірі бақша қараоты жүректі қорғайтын қасиетімен де ерекшеленеді. Бақша қараотының құрамындағы омега 3-ті үнемі тұтыну қандағы холестеринді қалыпты деңгейде ұстайды және жүрек ұстамасы қаупін айтарлықтай азайтады. Сондай-ақ қанды сұйылтады және ұюдың алдын алады.

21. Қызыл жүзім

Маусымында тұтынылған жағдайда қызыл жүзім тұқымнан шырынға дейін денсаулық сақтау қоймасы болып табылады. Құрамындағы белсенді ингредиенттің арқасында жүректің жақсы досы. Қызыл жүзім жақсы холестерин HDL-ді арттырады, жаман холестерин LDL-ді төмендетеді.

22. Қояншөп (Кәдімгі қасқыржем)

Бұл өте төмен калориялық тағам. Құрамында В6 дәрумені, фолий қышқылы, С дәрумені, кератин және әртүрлі талшықтар бар.1 кесе қайнатылған кәдімгі қасқыржем ағзаның В дәруменінің күнделікті қажеттілігінің үлкен бөлігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ зиянды май жасушаларын кетіруге және денедегі холестеринді төмендетуге көмектесу арқылы жүрекке пайдалы.

Қырыққабат, бамия, кале (қырыққабаттың түрі), рукола, егістік күнзе, ас қызылшасы, насыбайгүл, күнжітті тұтыну да жүрек денсаулығына пайдалы.



Ұқсас жаңалықтар