Ауыз жарасы мен афталарды емдеудің табиғи жолдары

«Денсаулық зор байлық» - 39

1832767
Ауыз жарасы мен афталарды емдеудің табиғи жолдары

Бұл бағдарламамызда ауыз жаралары мен афталарды емдеудің табиғи жолдары туралы шешімдерді тілге тиек етеміз.

Ауыз жаралары - бұл аузымызда пайда болатын тіндердің бұзылуы. Бұл тіндік бұзылулардың пайда болуының бірнеше себептері бар.

Олар:

  1. Ауыз қуысының гигиенасына жеткілікті көңіл бөлінбесе және күтім жасалмаса, ауыз жаралары пайда болуы мүмкін. Тістерді үнемі щеткамен тазалаумен қатар ауызды жиі жуу және күндіз ауызды шаю да ауыз қуысының денсаулығын сақтауға көмектеседі. Әйтпесе ауыз қуысында жаралар пайда болуы мүмкін.
  2. Өте ыстық немесе өте суық сусындарды тұтынған кезде де ауызда жара пайда болуы мүмкін.
  3. Жұқпалы ауруларға шалдыққан кезде ағзаның төзімділігінің төмендеуіне байланысты ауыз қуысында жаралар пайда болуы мүмкін.
  4. Антибиотиктерді ұзақ уақыт және тұрақты қолдану да ауыздың жарасын тудыруы мүмкін.
  5. Шамадан тыс майлы, қантты, қышқыл тағамдарды жиі тұтыну, қысқасы дұрыс емес диета ауыздың жарасын тудыруы мүмкін.
  6. Ақыры стресс, депрессия, шамадан тыс алаңдаушылық пен мазасыздық сияқты жағдайлар да ауызда жара пайда болуына себеп болуы мүмкін.

Ауыз жаралары мен афта үшін табиғи шешім ұсыныстары:

• Ас содасы

Қолды сабынмен жақсылап жуған соң ауыздағы жараға саусақ ұшымен ас содасын жағыңыз.

• Алма сірке суы

Бір стакан суға бір шай қасық алма сірке суын араластырып, ерітіндімен 30 секундтан бір минутқа дейін ауызды шайыңыз. Түкіргеннен кейін сірке суы тіс кіреукесіне (эмаль) зақым келтірмеу үшін аузыңызды қарапайым сумен шайыңыз. Күніне бір рет алма сірке суымен шайқаңыз.

• Мия тамыры

Ауыздағы қабынуды тазарту үшін мия тамырын пайдалануға болады. Мия тамырынан шай дайындап, шаюға болады.

• Киви

Киви - антиоксидантты жеміс. Ауыздағы жараны қысқа мерзімде емдеу үшін кивиді тұтынуға болады.

• Тимьян

Бір шай қасық тимьянды аузыңызға алып, жұтпай шайнаңыз.

• Тұт

Қара тұттың өзін немесе шырынын ішу немесе жараға жағу тиімді.

• Қалампыр

Қалампыр тұқымдарын шайнау тиімді.

• Мырыш қоспалары

Темір, фолий қышқылы, В12 дәрумені немесе мырыш тапшылығы да афта тудыруы мүмкін. Мырыш қоспаларын қабылдау афтаның жиілігін азайтады және иммундық жүйені арттырады.

• Кокос майы

Кокос майы ауыздағы бактериялардың кейбір зиянды түрлерімен күреседі. Бір ас қасық Кокос майымен шаю бұрынан келе жатқан бір әдіс. Бір зерттеу көрсеткендей, күніне ауызды кокос майымен шаю жараларды азайтады және афталарды емдеуге көмектеседі.

• Лимон

Лимон шырынымен үнемі шаю ауыздағы жаралар мен афтаға пайдалы.

• Ақжелкен

Ақжелкен жапырақтарын шайнау арқылы ауыздағы жаралардан құтылуға болады.

• Айва

Айваның бір тілімін жараға басып, ысқылау сіз сұраған шешім болуы мүмкін.

• Тұзды су

Ауызды тұзды сумен шаю афтаны кептіруге көмектеседі. Бір шай қасық тұзды жарты стакан жылы суда ерітіп, түкірмей тұрғанда ерітіндіні аузыңызда 15-30 секунд шайқаңыз. Қажет болса, бірнеше сағат сайын тұзды сумен шаюды жалғастыра аласыз.

• Қалампыр майы

Қатерлі жаралар ауыруы мүмкін, ал қалампыр майы ауыз қуысындағы ауырсынуды жеңілдетеді. Қалампыр тіс ауруларын емдеу үшін ежелгі дәуірлерде қолданылған. Жарияланған бір зерттеу жұмысы қалампыр майынан жасалған шөптен өндірілген ауыз гелінің ауыз жарасына жаққан соң ауырсынуды сәтті түрде азайтқанын дәлелдеді.

• Сумак 

Материалдар:

1 ас қасық сумак

1 шай қасық органикалық алма сірке суы

1 стакан су

Қалай дайындалады?

Суды кәстрөлде қайнатыңыз. Су қайнағаннан кейін сумакты салып, тағы 2-3 минуттай қайнатыңыз.

Қоспаны суығанша қалдырыңыз және ол жылы кезде сірке суын қосып, араластырыңыз. Қоспа жақсылап салқындаған соң оны сүзіп, осы қоспамен ауызыңызды шайыңыз.

 Дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар