Сүлейманийе кешенінің өз дәуірінің білім орталығы болғанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 33

1813273
Сүлейманийе кешенінің өз дәуірінің білім орталығы болғанын білетін бе едіңіз?

Cтамбулдағы ең маңызды Османлы ескерткіштерінің бірі Сүлейманийе кешенінің өз дәуірінің маңызды білім орталығы болғанын білетін бе едіңіз?

Кануни Сұлтан Сүлейман мен Мимар Синанның сол кезеңнің әлеуеті және сәулеттік данышпандығының қосындысы болып табылатын Сүлейманийе кешені Осман империясындағы ең үлкен кешендердің бірі. Бұл жер ғылымның әртүрлі салалары бірге оқытылатын өз заманының маңызды білім ошағы ретінде жобаланған.

1550 жылы салына бастаған және жеті жылда аяқталған Сүлейманийе кешені экономикалық және мәдени функцияларымен классикалық кезеңнің символы болып есептеледі. Кешеннің әртүрлі салада білім беретін жеті медресенің ішінде шипаханасымен Медицина медресесі де орын алатын. Медицина медресесінің оң жағындағы ғимарат аурухана болатын. Мұнда дәріхана мен монша да болған.

Бұл аурухананың басқа Османлы ауруханаларынан ең маңызды айырмашылығы психикалық аурулар бөлімі еді. Бұл бөлімде науқастар арнайы дәрі-дәрмек және музыкамен емделетін.

Сүлейманийе кешеніндегі ең көп назар аударатын ғимарат әрине Сүлейманийе мешіті болып табылады.

Бұл жер де Мимар Синанның басқа туындылары сияқты қарапайым, бірақ керемет шығармаларының бірі. Мешіт ауласының төрт бұрышында орналасқан төрт мұнара Стамбул жеңісінен кейін Канунидің төртінші падиша болғанын, он балкон болса Осман мемлекетінің оныншы сұлтаны екенін білдіреді.

Кешеннің ішінде сондай-ақ Сұлтан Сүлейман, Хүррем Сұлтан және Мимар Синанның кесенелері орын алады.



Ұқсас жаңалықтар