Ежелгі Иераполис қаласы

Анадолының тұңғыштары - 24

1802818
Ежелгі Иераполис қаласы

Күндіз мезгілінде жарық болып тұрған кезде қараңғы болып кетсе, мыңдаған жыл бұрын өмір сүрген аталарымыз қатты қорқатын еді.  Кейбір мәдениеттер күнге айдаһар шабуылдады деп ойлайтын. Кейбірі болса бұл шайтанның ісі деп есептейтін. Құдайды ашуландырғандықтан осындай құбылыс болды деп сенетіндер де болған. Бір құбыжық күнді жеуге тырысты дейтіндер де. Айқайлап немесе түрлі нәрселермен ұрып дауыс шығарса немесе құдайларға құрбан шалса,  осы істің тоқтайтынына  кәміл сенетін.

Аркаикалық дәуірлерде белгісіз және үлкен күш деп есептелген көптеген құпия ғылымның арқасында ашылды.  Анадолы жері де сыры жақын уақытта ашылған осы құпиялардың біріне куә болды.  Бүгінгі бағдарламамызда құпия және төтенше ғимараттарымен бір дәуірге таңбасын басқан Ежелгі Иераполис қаласын баяндап береміз.

** 

Иераполис Бергама патшалығы дәуірінде құрылады. Құбылысы мыңдаған жыл жалғасқан, ертегі секілді аппақ хауыздардың, яғни травертиндердің адамды сиқырлап алатын көріністерімен бірге суы да шипалы. Бүгінгі күні Денизлиде болып табылатын Иераполис, яғни Памуккале ежелгі қаласы эллиндік дәуірден бастап әрқашан маңызды және таңдаулы қала болған. Әрі сауда жолдарының орталығында, әрі өнер мен туризм саласында көш бастаған бір эллин қаласы.  Қалада Кибеле, Аполлон, Дионси және басқа да көптеген құдай үшін салынған храм бар.  Міне,  сондықтан «қасиетті қала» деген мағынаға келетін «Иераполис» аты берілген.  Византия дәуірінде де өте маңызды орталық болған. Фригия аймағының бас қаласы болған.  Қала христиандықты қабылдау тақырыбында баста өте құштар болмаса да,  артынан діннің таралуында маңызды рол атқарады. Әзірет Исаның он екі көмекшісінің бірі Әзіз Филипп те осы қалада өлтірілгендіктен дін орталығы деп жарияланады.

**

Саудамен қоса туризм орталығы – Иераполис. Қарапайым азаматтармен қоса Рим императорларының да осы қалаға келгені белгілі. Себебі ежелгі дәуірде өлілер еліне өтетін қақпа деп есептелетін бір үңгір бар осы қалада.  Осы үңгірге кірген жандылар өлгендіктен осы жер «Тамұқ қақпасы» деп аталған.  Сол кездегі атымен Плотуниум қасиетті алаңы деген атпен де танымал. Міне, Иераполистің құпиясы осы жерде басталады. Сиқыршы және пұтқа табынатын дін қызметкерлері адамның жасырын нәрсеге немесе себебі белгісіз нәрселерге деген ықыласын байқап қалады. Олар үшін осы үңгір өздерінің күштерін көрсететін, қолтигізілмеушіліктерін дәлелдейтін бір жер болады. Себебі дін қызметкерлері құстар және бұқалармен бірге үңгірге кіреді,  бірақ шыққан кезде өздері тірі шығады, қалғандары қаза табады. Күн тұтылуын түсінбейтін сол кездің адамдары үшін бұл адам сенгісіз оқиға. Дін қызметкерлері өлім құдайлары мен өлімге қарсы төтеп береді.  Ал дін қайраткерлері болса үңгірдің ішінде көмірқышқыл газдың көп екенін жақсы біледі екен.

Бірнеше жыл бұрын ғалымдар осы үңгірде таңға жақын осы көмірқышқыл газының өте қатты көтеріліп,  жерге шөккенін анықтады.  Сондықтан құс секілді шағын жандылар газдан уланып өледі.  Бұқалар болса алдымен бас айналып, артынан уланады. Ішке кірген дін қызметкерлерінің бастарын тік ұстау арқылы ауа жұтпай осы үңгірден тірі шыққанын ешкім білмейтін еді.  Бірақ бүгінгі күні мұны біз ғылымның арқасында білдік.

Осы үңгірге байланысты тағы бір ескертпені де айтып өтелік: зерттеушілер осы керемет сұлу Памуккале травертиндерін қалыптастырған термалды су көзінің осы үңгірде екенін анықтады.
**

Иераполис – Анадолы жеріндегі үлкендігі жағынан бесінші ежелгі қала.  Ұзындығы бір км даңғылы, ежелгі театры, храмдары, мемориалды бұлақтары және гимназиясымен – Түркияның турист ең көп келетін ежелгі қаласы.  Екі мың жыл бұрынғының барлық көркемдігін сақтап қалған Иераполис ЮНЕСКО Әлемдік және табиғи мұра тізімінде орын алған. Оның аппақ сұлулығы адамды баурап алады.

Ежелгі театр – Иераполис қаласындағы маңызды ғимараттардың бірі. Бір бөктерге сүйеніп тұрған театр Анадолыдағы Рим театрларының арасындағы ең тамаша үлгілердің бірі. Құрылысы шамамен 150 жыл жалғасқан, акустикасы  және үлкендігімен назар аударатын театр барлық қабырғасымен бүгінгі күнге дейін жеткен. Ежелгі театрда сахна мен көрермендер арасында тосқауыл қойылуы осы жердің жабайы жануарлар мен гладиаторлардың шайқастарына сахна болғанын көрсетеді.  Осы жердің басқа ежелгі қалалардан басқа бір ерекшелігі де моншаның қаланың тысында болуы.  Моншаны келушілер қаланың қасиеттілігіне жарасатындай түрде таза және тазаланған күйде кірсін деп қаланың тысына салынған.  Артынан базиликаға айналдырылған монша бүгінгі күні археологиялық қазбаларда жарыққа шығарылған жәдігерлер көрмеге қойылған мұражай ретінде қолданылуда. Уақытқа бас имеген осы ғимарат бізді дәуірлер арасы саяхатына алып шығады.

**

Көркем Иераполис жер сілкінісі белдеуінің бойында орналасқандықтан көптеген жер сілкінісін басынан кешіреді. Қала қайтадан салынады.  Осы жер сілкіністері кезінде қаланың ортасында бір шұңқыр қалыптасқан, керемет бағаналар мен мүсіндер осы шұңқырға құлайды.  Уақыт өте келе шұңқыр термалды суға толады.  Осылайша қаланың аты аңызға айналған «Ежелгі хауызы» қалыптасады.  Бүгінгі күні травертиндерден кейін Памуккаленің ең көп қызығушылық туғызған жері – осы ежелгі хауыз. Термалды сумен толған бассейіннің кейбір тері және қан айналым жүйесінің ауруларына ем екені айтылады. Температурасы болса тұрақты, жазда да, қыста да 36 градус. Осы ежелгі хауызда жүзу арқылы мыңдаған жыл бұрынғы тарихтың ішінен өту мүмкіндігін ала аласыз. Осындай тәжірибеге ешкім қарсы шықпайтын шығар. Сонымен бірге осы хауызда сұлулық және ұзын өмірге ынтық болған Мысырдың атақты патшайымы Клеопатраның да жүзгені айтылады.

**

Памуккале Иераполис ежелгі қаласы – даңғылы және көркем қақпасы, агорасы, Аполлон қасиетті алаңы, Әзіз Филипп Мартриумы мен некрополь алаңдарымен тарихтың иісін сезуге болатын керемет жер. Әлемде теңдесі жоқ екі мың жылдық ежелгі қалада қыдырып,  тарихқа куә болу, көптеген жылдан кейін шешілген бір құпияның ізіне түсу және сол керемет сұлулық берген атмосферада қиялдар әлеміне сүңгу үшін көп күтпеңіздер.



Ұқсас жаңалықтар