Лаодикея ежелгі қаласы

Анадолының тұңғыштары - 21

1783560
Лаодикея ежелгі қаласы

Жер бетіне адамдар шыққаннан бері құпияларға толы әлем.  Белгісіз және қорқынышты нәрселерге. Бір жабайы жануардан қорқу бір найғазайдан немесе күннің тұтылуынан қорқумен бірдей емес бірақ. Бірі қолмен ұстап, көзбен көрінетін нәрсе.  Екіншісінің себебін түсіне алмайды, ақылы жетпейді. Сол себебін білмейтін, түсінбейтін нәрсе өзіне зиян тигізбеу үшін оған бас иді, оны ашуландырмауға және садақа беруге шешім қабылдады.  Адам баласы Күнді, айды, найзағайларды, өзендерді, жанартауларды құдай деп есептеді.  Орман, тау, суды да қасиетті деп санады. Сиқыршылар, бақсылар, дін қызметкерлері арқылы құдайлармен байланыста болды. Өз қолымен пұт жасады, кейбірі құдай болды осы пұттардың,  кейбірі құдайларға ұсынылған садақалар.  Мифологиялық құдайлар үшін алып храмдар салынды. Бір ғана жаратушыға сенгендер де болды. Сансыз құдайға сенген адамдар да. Кейбір қалалар қасиетті деп есептелді, кейбір мекендер де. Адам баласының көбіне әсер еткен діндер Азияда және Таяу Шығыс территориясында пайда болды.  Артынан әлемге тарады. Үндістан, Жапония, Ватикан, Иерусалим, Мекке, Мәдина - дін деген кезде еске бірден түсетін қала немесе қалалар.

Алайда діндер тарихы туралы жазатындар, айтатындар аузына алуды еш ұмытпайтын бір география бар. Ол – Анадолы! Өркениеттер, мәдениеттер, тарих және діндер тізбектелген жер осы жер. Сондықтан «діндер бесігі» деп аталады. Иудейлер, христиандар мен мұсылмандардың ғибадатханаларының көптігі адамдарды таңғалдырады. Осы мекен аталмыш үш діннің мүшелеріне бас тартылмас рота ұсынады. Христиандар үшін Иерусалимнен кейін Анадолы екінші орталық.  Қиямет күнінде де құламай қалады деп айтылған «Жеті шіркеу» немесе «Апокалипсис шіркеулері» - осы діннің Анадолыдағы ең маңызды орталықтарының бірі.  Міне біз де бүгін сол шіркеулердің жетіншісі және ең соңғысы орналасқан Лаодикея туралы айтып береміз.  

**

Памуккаленің немесе сол кездегі атауымен Иераполистің көлеңкесінде қалған Лаодикея ежелгі қаласы. Памуккале секілді танымал болмаса да, екінші Эфес ретінде атағы шыққан. Себебі Анадолыда Эфестен кейінгі ең үлкен екінші ежелгі қала болып есептеледі.  Лаодикеяның тарихы біздің дәуірімізден 5500 жыл бұрынғыға дейін барады.  Рим дәуірінде де молшылығымен атағы шыққан.  Мендерес өзенінен нәр алған шығымды топырағы және әсіресе Батыс Анадолыны Ішкі Анадолымен байланыстырған жолдар тоғысқан жерде орналасуы осы дәулеттің жиналуында маңызды рол ойнайды. Рим империясы осы қалаға «храм қорғаушысы» деген атақты бергеннен кейін салық төлемейтін болады.  Сол себепті қаланың байлығына байлық қосылады.

Ежелгі дәуірдің атақты географы Страбон осы аймақта жүні жұмсақ қара қой өсетінін жазады.  Ол осы қойдың қала үшін маңызды табыс көзі болғанын да айтады. Қала текстиль саласында да едәуір дамыған. Тек Лаодикеяда жобаланып, өндірілген бір киім түрі қатты сұранысқа ие болады. Лаодикея матасы сапасына орай әлемнің көптеген жеріне экспортталады.  Францияның Лион қаласында бір құлпытаста «Осында Лаодикея матасын сатқан саудагер жатыр» деп жазылған. Қаланың атымен аталған матаның сол кезде бір бренд болғанын осыдан түсінуге болады.

**

Бүгінгі күні Денизли облысының аумағында орналасқан Лаодикея - Рим дәуірінде  екі театры болған сирек қалалардың бірі. Бұл жағдай қаланың дәулетінің деңгейі мен ірілігінің көрсеткіші болып саналады. Тұрғын саны да төңіректегі ежелгі қалалардың халқынан екі есе артық болған.  Анадолыдағы сауда, өнер және спорт орталықтарының екіншісі. Жиырма мың көрермен сыйымдылығымен алғашқы театры – Анадолының ең үлкен ежелгі театрларының бірі.  Екінші театр болса баспалдақтарындағы жазумен назар аударады.  Осы жазулар зерттелгеннен кейін аймақтағы сауда, мәдени және құқықтық реттеулерге байланысты жиналыстардың осы театрда өткізілгені анықталады. Сонымен бірге қаладағы маңызды тұлғаларға, кәсіпкер палаталарына және басқа қалалардан келген өкілдерге отыру жерінің алдын ала белгіленіп қойғаны да дәлелденеді. Осы ерекшелігімен бүгінгі күнгі арнайы бөлмелерге ұқсайды.

Лаодикея театрларынан басқа стадионы, гимназиясы және моншаларымен де көздің жауын алады. Алайда оны басқа ежелгі қалалардан тағы бір рет ерекшелендіретін  бір қасиеті бар. Лаодикея  -  17-ғасырда өмір сүрген  Паскаль заңын атақты математик және физиктен мың алты жүз жыл бұрын орындаған бірнеше қаланың бірі. Қалаға жақын жерде су көзі болмағандықтан шамамен жиырма километрлік бір қашықтықтан сайлардан өтіп, су жеткізіледі қалаға. Міне, лаодикеялықтар үшін су өте маңызды болғандықтан «Су заңы» шығарылады. Мамандар осы заңның суды ластағандарға берілетін жаза, судың қай алаңға қалай берілетіні туралы ережелер қамтылған, ежелгі әлемнің белгілі ең ауқымды заңы екенін айтады.  

**

Лаодикея ежелгі қаласының тағы бір ерекшелігі туралы айтып берелік.  Христиан әлемінің ең байырғы және ең маңызды қасиетті ғимараттарының бірі болған шіркеу осы қалада.  Сондықтан ғимарат қажылық шіркеуі ерекшелігіне ие. Айырықша христиандар үшін маңызды «Жеті шіркеу» жамағаттарының бірі Лаодикея. Әзіз Йоханна Анадолыдағы тұңғыш христиандарға жазған хаттарының соңғысын Лаодикея жамағатына жібереді. Байлығымен атағы шыққан және наным жағынан әлсіз болғандықтан хатта орын берілген жалғыз жамағат болып есептеледі осындағы христиандар. Христиан діні жағынан өте маңызды осы қала ЮНЕСКО-ның Әлемдік табиғи және мәдени мұрасының уақытша тізімінде орын алған.

Лаодикея -  Түркияда он екі ай үздіксіз қазба және реставрация жұмыстары басталған алғашқы ежелгі мекен.  Осы қазбаларда шіркеу, театр, «Сирия» және «Стадион» деп аталған даңғылдар бағаналарымен бірге қайта жаңғыртылған. Соңғы рет христиандыққа алғашқы болып сенген адамдар жасырын ғибадат еткен жиырма бөлмелі «шіркеулі үй» жарыққа шығарылды.  Үйде әйелдер мен ер адамдар үшін арналған екі зал, монша, баспаналар мен сауда үшін қолданылған бөлімдер табылған.

**

Анадолының ең үлкен, ежелгі әлемнің екінші үлкен стадионы, екі театры, төрт монша кешені, бес агорасы, храм және мемориалды даңғылдарымен Лаодикея одан сайын жақсы танылуға лайықты.

Христиандықтың қасиетті кітабы Інжілде де аты аталған «Жеті шіркеу» жамағаттарының бірі өмір сүрген,  ежелгі әлемнің ең жақсы сақталған тас құбырларына ие инженерлік кереметі су жолы, әлемге тараған текстиль материалдары және тағы да басқа ерекшеліктерімен Лаодикея келушілерін күтуде. Ол саяхатшыларды ғасырлар асып қыдыртуға дайын.



Ұқсас жаңалықтар