"Бауыр стеатозы" ауруы

«Денсаулық зор байлық» - 25

1779999
"Бауыр стеатозы" ауруы

Бүгінгі бағдарламамызда «Бауыр стеатозына арналған табиғи емдеу» шешімдерін тілге тиек етеміз.

Бауыр стеатозы – бауыр жасушаларында майдың артық жиналуы нәтижесінде пайда болатын ауру. Қоғамда жиі кездесетін аурулардың бірі болып табылады. Әсіресе белгілі бір салмақтан кейін бауыр майы дамуы мүмкін. Бауырдың майлануының себептері әр адамда әртүрлі.

Бауыр стеатозының пайда болу себептері не?

Бауыр жасушаларында майдың жиналуын тудыруы мүмкін көптеген жағдайлар бар.

  Мыналар:

• Өңделген көмірсуларды тым көп тұтыну,

• Қант пен май жағынан шамадан тыс диета,

• Протеинді аз тұтыну,

• А дәруменін шамадан тыс қабылдау,

• Темекі шегу мен алкогольді тұтыну,

• Инсулинге төзімділік,

• Артық салмақ пен семіздік,

• Шок диеталар нәтижесінде тым көп салмақ жоғалту,

• Гипертония,

• Әрекетсіз өмір сүру.

 

Құрметті тыңдаушылар, егер бауыр стеатозы сынды бір мәселеңіз бар деп күдіктенсеңіз, алдымен дәрігерге қаралып, қажетті анализдерін жасап, оның ескертуіне сай емдеуді бастау керек.

 

Бауыр стеатозында қолдануға болатын табиғи ұсыныстарды төмендегідей атауға болады:

  • Лимон

Бір стақан суға жарты лимонды сығып, бірнеше апта бойы бұл сусынды күніне 2-3 рет ішу бауыр стеатозына пайдалы.

  • Алма сірке суы

Бір стақан жылы суға бір ас қасық табиғи алма сірке суын қосып, күніне екі рет, тамақ алдында ішу тиімді. Қаласаңыз, бір шай қасық бал да қосып, тәттілеуге болады. Бұл әдістің жұмыс істеуі үшін 1-2 ай бойы жүйелі түрде жалғастыру керек.

  • Куркума

1 шай қасық куркума ұнтағын бір стақан суға қайнатып, бірнеше апта бойы күніне екі рет ішуге болады.

  • Көксағыз

Бір кесе ыстық суға 1 шай қасық кептірілген көксағыз қосып, 5-10 минут қайнатыңыз да, оны ішіңіз. Бұл шөп шайын бірнеше апта бойы күн сайын ішу керек. Дегенмен жүкті немесе қант диабетімен ауыратын науқастар көксағыздан аулақ болуы керек.

  • Көк шай

Күнделікті үнемі ішетін 2-3 стакан көк шай бауыр стеатозына пайдалы.

  • Түймедағы

Түймедағы шайын үнемі, күніне екі рет тұтыну арқылы майлы бауырдан арылуға болады. Түймедағы шайы үнемі тұтынылатын болса, ол тиімдірек нәтиже береді және мұндай шағымдарды жояды.

  • Өмір салтын өзгерту

Салауатты диета мен жаттығулар бауыр ауруларының алдын алуда ең жоғары табысқа ие. Жалпы дене салмағының кем дегенде 5% жоғалту бауыр стеатозын азайтады. Дегенмен, артық салмағы бар немесе семіз адамдар үшін кем дегенде дене салмағын 10% арылуды нысанаға алған жөн.

  • Дене шынықтыру

Дене шынықтыру артық салмақтан құтылуға және табиғи түрде бауыр майынан арылуға әсер етеді. Жүйелі түрде дене шынықтыру арқылы мұндай шағымдардан қысқа уақыт ішінде құтылуға болады.

  • Жаттығу

Жаттығу бауыр майы деңгейін төмендететіндіктен бұл науқастарға аптасына 150-300 минут орташа тығыздықта жаттығу немесе 75-150 минут қарқынды белсенділікті жоспарлауға болады.

  • Шөптік қоспалар

Бауыр стеатозында жиі қолданылатын шөп қоспалар арасында сүт ошаған, артишок және куркума бар. Бауыр стеатозы артишокпен дайындалған тағамдарды үнемі тұтынумен де кішіреюі мүмкін.

  • Сарымсақ

Бір зерттеу барысында сарымсақты қолданудың бауыр стеатозын азайтатыны анықталды. Дегенмен, бақылаусыз қолдану елеулі проблемаларды (мысалы, қан кету қаупі) тудыруы мүмкін екенін есте сақтаған жөн.

  • Омега-3 май қышқылдары

Диетада лосось, сардина және жаңғақ сияқты омега-3 көздерінің болуы бауыр майын азайтуға көмектеседі.

  • Брокколи
  • Жаңғақ

Бір зерттеу жаңғақ жеудің бауыр стеатозы бар адамдарда бауыр функциясының сынақтарын жақсартқанын көрсетті.

  • Авокадо

Зерттеулер авокадо құрамында бауырдың май ауруын бәсеңдететін химиялық заттар бар екенін көрсетеді. Ол сондай-ақ құрамындағы талшықтың арқасында салмақты бақылауға алуға көмектеседі.

  • Ақжелкен емі

Майланудың алдын алу үшін таңертең лимонды ақжелкен емі ұсынылады. 15-16 ақжелкеннің сабағын блендерден өткізіп, ішіне бірнеше тамшы лимон шырынын қосу арқылы дайындалатын лимонды ақжелкен емі бауыр стеатозына пайдалы.

  • Көкжидек майлы бауыр үшін де қолданылуы мүмкін.

 



Ұқсас жаңалықтар