Ресей мен Украина дағдарысы жалғасуда

Еуразия күн тәртібі – 22

1770002
Ресей мен Украина дағдарысы жалғасуда

Бүгінгі бағдарламамызда Ресей мен Батыс елдері арасындағы дағдарысқа тоқталамыз.

Ресей мен Батыс елдері арасында жалғасқан дағдарыстар 2022 жылдың басты күн тәртібі болатын секілді. 2022 жылы 10 қаңтарда Женевада Ресей мен Америка Құрама Штаттары, 12 қаңтарда Брюссельде НАТО мен Ресей, 13 қаңтарда Венада Ресей мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы жиналыстары өткізілді, алайда күтілген нәтиже шықпады. Дағдарыстың асқынуына байланысты қауесеттер көп. Енді осы жағдай жөнінде соңғы кезеңде болып жатқан оқиғаларға тоқталайық.

Ресей Қорғаныс министрлігі 14 қаңтарда армияның дайындығын сынау мақсатымен шұғыл әскери жаттығу басталғанын хабарлады. Ресей мен Беларусь 10-20 ақпан арасында «Бірлік шешімі-2022» әскери жаттығуын өткізбекші. Беларусьқа 12 Су-35 соғыс ұшағы, екі батальоны бар S-400 зымыран қорғаныс жүйесі және Pantsir-S зымыран жүйесі орналастырылатыны жарияланды.

18 қаңтарда Ұлыбритания Қорғаныс министрі Бен Уоллес Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгуды Лондонға шақырғанын, сапардың алдағы апталарда жасалатынын айтты. Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу да бірнеше күннің алдында Бен Уоллеске хат жазып, әріптесін Мәскеуде кездесуге шақырған болатын.

19 қаңтарда тек тарапты тәуелсіздік жариялаған Донецк және Луганск Халық Республикаларын тануы үшін президент Владимир Путинге шақыру тасталған шешім жобасы Коммунистік партия депутаттары тарапынан парламенттің төменгі қанаты Думаға ұсынылды.

АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің «Украинаға кіретініне сенетінін» айтты. Алайда «шағын басып кіру» сценарийінде НАТО-ның не істейтініне байланысты ортақ көзқарасқа келмегендерін байқаусызда айтып қалды. Бұл мәлімдеме НАТО мүшелері арасында талас-тартыс туғызды.

20 қаңтарда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Еуропа сапарына шықты. Блинкен алдымен Киевте кездесу өткізді. Ресей әскери операция жасаған жағдайда АҚШ-тың Украинаны қолдайтынына уәде берген Блинкен Ресейдің Украинаға килігуі дереу басталуы мүмкін екенін айтты.

BBC-дің HardTalk бағдарламасына сұхбат берген Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников Ресейдің жаулап алуы «елді қанға бояйтынын» айтты. Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников 21 қаңтарда Женевада Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті. Кездесу қысқа жалғасты. Блинкен еуропалық одақтастарымен кездесуді жалғастырды.

АҚШ-тан тыс Канада мен Ұлыбритания Украинаға әскери жәрдем жолдады. Чехия мен Балтық елдері Украинаға әскери жәрдем жолдайтындарын жариялады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Ресей және Украинамен тамаша қарым-қатынасы бар екенін және екі ел арасында бітімгер болатындарын айтты. Ердоған: «Алдағы күндерде Украинаға барамын. Путинмен телефонда сөйлесемін, Мәскеуге баруым да мүмкін. Аймақта бейбітшілктің орнауын тілейміз» деді.

Оқиғалардан да байқалғанындай, тараптар түрлі жолдармен бір-бірінің кемшілігін қарастырып, бірін-бірі тұйыққа тіреуге талпынуда. Осындай кезеңде Түркияның бітімгерлігі пайдалы болуы ықтимал. Бейбітшілікті қорғау үшін аймақ елдері нақтылы қадам басуы керек, өйткені оқиғалардың беталысы Ресей мен Уркаинаның шағын көлемді соғысқа дейін баруы мүмкіндігін көрсетіп отыр.



Ұқсас жаңалықтар