«Трабзон тоқымасының» Түркияға тән зергерлік бұйымы екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 21

1766824
«Трабзон тоқымасының» Түркияға тән зергерлік бұйымы екенін білетін бе едіңіз?

«Трабзон тоқымасының» әлемдік зергерлік саласында тек Түркияға тән зергерлік бұйымы екенін білетін бе едіңіз?

 

«Трабзон тоқымасы» техникасының тарихы б.з.б. 7-ғасырда өмір сүрген скифтерден басталады. Бұл тоқу әдісі көне заманда жанды сақтау мақсатты сауыт-саймандар мен қылыш тағылған белдіктерді өндіруде қолданылған.

Өте үлкен еңбекті қажет ететін өрілген білезіктер де алтын немесе күміс сымдармен сауыт тәрізді тоқылған бір қолөнер және ғасырлардан бері келе жатқан мұра болып табылады. Бұл қолөнер бұйымдар Түркияның Қаратеңіз аймағындағы Трабзон қаласында ғана жасалады. Орыс төңкерісі кезінде Трабзонды паналаған кавказдықтардың Трабзон қаласына әкелген тоқыма жұмысымен кейін Трабзон әйелдері айналыса бастаған. Алғаш өндірілген жылдары күміс сияқты құны төмен болған кендерден жасалған зергерлік бұйымдары кейінірек алтын пайдаланып шығарыла бастады. Трабзон әйелдері күндер бойы тер төгіп, тоқыған «Трабзон тоқымасы» өте құнды зергерлік бұйымы болып табылады.

0,3 мм жіңішке күміс немесе алтын сымдармен тоқылған бір білезікті шамамен 15 күнде тоқуға болады.

Кавказдан үйренген бұл қол өнерін дамытқан Трабзон қаласының әйелдері тоқыған білезіктері «алтын шілтер» деп аталады және Трабзоннан әлемнің бүкіл әйелдеріне жеткізіледі.



Ұқсас жаңалықтар