Көздің құрғақтығы немесе тітіркенуі

«Денсаулық зор байлық» - 20

1761921
Көздің құрғақтығы немесе тітіркенуі

Бүгінгі бағдарламамызда «көздің құрғақтығы немесе тітіркенуін» табиғи емдеу шешімдерін тілге тиек етеміз.

Құрғақ көзге пайдалы шөп ерітінділері мен табиғи әдістерді төмендегідей санауға болады:

  1. Құрғақтық тудыруы мүмкін желді ортада немесе жүзу кезінде қорғаныс көзілдірігін пайдалану керек.
  2. Күніне кем дегенде 2 литр су ішу керек.
  3. Омега 3-ке бай балық майымен тамақтану керек.
  4. Тұрақты ұйықтаңыз.
  5. Қыс айларында ауа құрғақ болғандықтан көздің құрғауы да мүмкін. Осы үшін ортаның ауасын ылғалдандыру керек.
  6. Экранның алдында көзді демалдыру керек.
  7. Сондай-ақ көзді жиі уқалаудан аулақ болу керек.

 

  • Витаминдер мен қоректік заттар

Құрғақ көз синдромында D, B12 және А витаминдеріне бай тағамдарды қосу өте маңызды. Жұмыртқаның сарысы, жарма, апельсин шырыны, сәбіз, шпинат, брокколи және сарымай сияқты тағамдар бай D және А дәрумендерінің көзі болып табылады.

Сондай-ақ, сардина, лосось, скумбрия, шпинат, соя бұршақтары және чиа тұқымы сияқты омега-3 май қышқылдарына бай тағамдарды тұтынуды арттыруға болады.

  • Қияр

Құрғақ көздерді емдеу үшін қияр ең оңай және ең жақсы өсімдік құралдарының бірі.

Салқындатылған қиярды дөңгелек болып кесіңіз. Оларды жабық көздеріңіздің үстіне қойыңыз. Көзіңізді босаңсытып, тыныштандыру үшін күніне 2-3 рет қайталауға болады.

  • Раушан суы

Раушан суы - құрғақ көзге жақсы әсер ететін ең тиімді заттардың бірі. Мақтаның бір бөлігін раушан суымен сулап, көз қабақтарыңызға 10 минутқа қалдырыңыз. Күніне 2-3 рет қайталаңыз. 

  • Түймедақ шайы

Түймедақ көзде жоғалған ылғалдың орнын толтырады және мазасыздық себеп болған іріңдеуді азайтады.

Бір кесе ыстық суға бір шай қасық кептірілген түймедақ шөбін қосыңыз, оны 10 минут қайнатыңыз. Тоңазытқышта салқындатыңыз. Екі мақтаны шарын түймедақ шайына малып, оны жабық көзіңізге жағыңыз, 10-15 минутқа қалдырыңыз. Жеңілдегенші күніне 3-4 рет жағуға болады.

  • Аскөк тұқымы

Аскөк тұқымдары қабынуды азайтуға көмектеседі және олардың тыныштандыратын қасиеттері көздегі ылғалды сақтау үшін пайдаланылады.

Бір шай қасық аскөк тұқымын 10-15 минут қайнаған суға салып қойыңыз. Аздап суығанша күтіңіз. Аскөкке мақта шарын батырып, оны жабық көзіңізге қойыңыз. Кем дегенде 10 минут күтіңіз. Мұны күніне 2-3 рет жасаңыз.

  • Алоэ вера

Алоэ вера көзіңізді қорғай алатын табиғи антиоксидант болып табылады.

Алоэ вера гелін алып, қабақтарыңызға жағыңыз.

Мұны күніне кемінде екі рет жасаңыз.

  • Лаванда эфир майы

Лаванда эфир майы тыныштандыратын және босаңсытатын әсерге ие болуы мүмкін. Бір стақан суға бірнеше тамшы лаванда эфир майын қосыңыз. Араластырыңыз және ерітіндіге таза матаны батырыңыз. Артық суды сығып, көзіңіздің қабағына жағыңыз.15-20 минут ұстап, бұл емді осылай қайталаңыз.

Мұны күніне кемінде үш рет жасауға болады.

  • Түймедақ эфир майы

Түймедақ эфир майы көздің қабынуын азайтуға көмектеседі.

Бір стакан жылы суға бірнеше тамшы түймедақ майын қосыңыз.Араластырыңыз және ерітіндіге таза матаны батырыңыз. Артық суды сығып, көзіңіздің қабағына жағыңыз. 10 минут ұстап, бұл емді осылай қайталаңыз.

Мұны күніне кемінде бірнеше рет жасауға болады.

  • Зәйтүн майы

Зәйтүн майы көздің қабынуы мен іріңдеуін азайтуға көмектеседі.

Саусақтардың ұшына қосымша таза зәйтүн майының бірнеше тамшысын алыңыз. Жабық қабақтарыңызды ақырын уқалаңыз және оларды бірнеше минут бойы қолыңызбен жабыңыз. Майды жууға болмайды. Оны теріңізге табиғи түрде сіңіруге мүмкіндік жасаңыз. Бұл емді күніне 2-3 рет қайталауға болады.

  • Балықтың майы

Балық майын тұтыныңыз.

  • Көк шай сығындысы

Көк шай сығындысы көздің одан әрі қабынуының алдын алады.

Көк шай пакеттерін бір стақан ыстық суға салып, 10-15 минутқа қалдырыңыз. Аздап суығанша күтіңіз. Екі мақтаны көк шайдың ішінен өткізіп, оны жабық қабақтарыңызға қойыңыз. 10-15 минутқа қалдырыңыз және қайталаңыз. Мұны күніне бірнеше рет қайталауға болады.

     • Жылы компресс

Жылы компресстердің ылғалдылығы мен жылуы құрғақ көзді жеңілдетеді. Таза матаны алып, оны ыстық суға батырыңыз. Артық суды сығып, суланған шүберекті 5-10 минут бойы жабық көзіңізге қойыңыз.Күніне бірнеше рет қайталаңыз.



Ұқсас жаңалықтар