Мидастың есек құлағы мен алтын

Анадолының тұңғыштары - 2

1708507
Мидастың есек құлағы мен алтын

Мифология, аңыз, мифтер... Үшеуі де жиі шығады алдымызға Анадолыда. Адамдар жеткізген осы хикаялар көбіне шындықтан бастау алады.  Кейде белгісіздіктен де асып түсіп, шындықты табу үшін айтылады.  Кейде мифология адамға әсер етеді, кейде адамдар бағыт береді мифологияға. Мифология мен аңыздардан қоғамдардың мәдени құрылымы мен тұрмысы көрінеді. Әрбір өркениеттің өз жерінде айтылатын, ұрпақтан ұрпаққа жеткен аңыздары болады. Жүздеген, мыңдаған жыл бойы адам баласының ортақ жадында қалғандар да. Мидас патшаның аңызы дәл сондай.  Ұстаған нәрсесі алтынға айналатын немесе есектікіндей құлағы бар Мидас патша! Жаңалықтарымен бүкіл адам баласына үлес қосқан, Анадолының байырғы өркениеті Фригияның аңыздарына орын береміз бүгінгі бағдарламамызда.

**

3000 жылдық бір өркениет фригтердің бас қаласы – Гордион. Бүгін Анкараның Полатлы ауданы маңында орналасқан Гордион ежелгі қаласы. Ол ең маңызды археологиялық елді мекендердің бірі ретінде қабылданады. Әрі өз дәуірінің, әрі артынан келген өркениеттердің түсінікті болуына үлкен үлес қосқан ежелгі қала аңыздарда да айтылады. Анадолыдан әлемге тараған аңыздардың ең атақтысы Гордион түйінімен бастайық. Осыншама атақты болуын осы аңыз әлем тарихындағы ең ірі әскери лидер және императорлардың бірі ретінде қабылданған Ұлы Ескендірге қарыздар.

Аңыздың түрлері көп болса да, ең танымалы мынадай: Фригтер шайқаста.  Жаңа патшалары кім болатынын білу үшін көріпкелге барады.  Көріпкел қалаға өгіз арбасын жетектеп кім бірінші кірсе,  патша сол болатынын айтады. Сол кісі соғысты тоқтатады дейді. Бір мезгілден кейін қала қақпасынан Гордиос кіреді өгіз арбасымен. Гордиос егістігінде жұмыс істеп жүріп, сапанына қонған және еш кетпеген бір бүркіттің арқасында кірген екен қалаға. Зевске садақа арнау екен мақсаты. Бірақ фригтердің патшасы болады. Қала оның атымен Гордион деп аталады. Зевске алғыс ретінде өгіз арбасын храмға береді, бағанаға байлап тастайды.  Гордиос осы түйінді шешетін адамның Азияға билік құратынын айтады. Осы сөзді Ұлы Ескендір де естиді. Парсылармен шайқасуға бара жатып,  жолда Гордиосқа да соғады. Тікелей храмға барып, өте күрделі түйінді шешуге тырысады. Шешілмеген соң ашуланады да қылышпен кесіп тастайды. Егжей-тегжейлерге уақыт жұмсағанша, проблеманы тамырынан шешу деген мағынаға келетін «Гордион түйінін кесу» деген сөз міне,  осыдан шыққан екен деседі. Аңыздың ішіндегі аңыз әлі дәлелденген емес.  Себебі әлемге танымал археолог Екрем Акурал «Патша Гордиостың аңызға айналған арбасы мен храмның ізі әлі күнге табылмады» дейді.

**

Фригтердің патшасы Гордиос сонымен бірге аты аңызға айналған патша Мидастың әкесі. Фриг территориясын кеңейткен, мемлекеттің нығаюын қамдаған патша ретінде де танымал Мидас. Ежелгі құжаттарда Мидас туралы түрлі мәліметтер кездеседі.  Кейде ол туралы өнертапқыш деп айтылады,  кейде аяусыз бір тиран. Кейбір құжаттарда қалайы мен қорғасынды бірінші болып тапқан адам деп айтылады. Ол туралы аңыздарды бір шетке тастасақ,  ежелгі дәуір тарихшылары және ойшылдарының туындыларында да Мидастың аты кездеседі. Пифагор, Платон, Геродот, Аристотель ол туралы жазады. Зерттеулер нәтижесінде түрлі ғасырларда ел билеген басқа басқа Мидастар болғаны ортаға шығады. Атақты патша Мидас бір ғана патша емес екен.  Мидас есімінің кең таралғаны немесе патша деген мағынаға келетін бір атақ екені туралы көзқарастар шыға бастады.

Ал енді патша Мидас жөніндегі аңыздарға келейік. Ол туралы аңыздардың бүгінге дейін жетуінің себебі - ежелгі дәуір ақыны Овидийнің «Метаморфозы» атты туындысында Мидас туралы айтуы.

Көп танымал аңыздардың бірінде Күннің, музыканың және поэзияның құдайы Апполон мен дала құдайы Пай арасында музыка байқауы ұйымдастырылады. Мидас патша кімнің жеңімпаз екенін анықтайтын болады. Мидас Пан тартқан флейтаға қатты қайран болады.  Оны жеңімпаз деп жариялайды. Бұған ашуланған Апполон Мидастың құлақтарын есектің құлағына айналдырып жібереді. Мидас сол күннен бастап басынан бас киімін тастамаған деп айтылады. Тек шаштаразға барғанда шешеді екен.  Оған да ешкімге айтпа деп айтып қойған. Бірақ бұл құпия шаштаразға ауыр тиеді. Жасыра алмайды. Бір құдықтың басына келіп күбірлейді.  Құдықтағы шөптер өсіп,  жел тұрған сайын осы құпияны күбірлей бастапты.  Аяғында патшаның жағдайын барша ел естіпті-мыс.

Басқа бір аңызда болса Мидас ашкөз екен.  Қатты бай болуды аңсаған Мидастың тілегін құдай қабылдап, оның әр ұстаған нәрсесін алтынға айналдыратын күш беріпті.  Қысқа уақытта мұның жаза екенін түсініпті Мидас. Себебі әр ұстаған нәрсесі алтынға айналған сайын тамақ жей алмайтын болыпты, су іше алмапты. Құдайға қайта жалбарынып, дұға тілепті.  Оның естіген құдай Сард өзеніне барып жуынса, кететінін айтыпты.  Патша Мидас өзенде жуынып, жазадан құтылыпты.  Сол өзен Лидиялықтардың алғаш ақшаны ойлап тапқанда қолданылған электрум элементі екен. Аңыз бен шындық араласып кеткен бір хикая.

Патша Мидастың өмірі туралы айтылғандар мен аңыздары секілді өлімі жөнінде де баяндалғандар қызық.  Кейбірі ұстаған әр нәрсесі алтынға айналғандықтан аштық пен шөлден өлді десе,  кейбірі мемлекеті басқыншылыққа ұшырағанда бұқаның қанын ішіп, өзін өлтірген дейді.

**

Мифологиялық бір кейіпкер деп қабылданса да,  Мидас болған кісі. Бүгінгі күні ол туралы баяндалған аңыздардағы шындықты іздестірген мамандар ұстаған нәрсесін алтынға айналдыруында метафоралық мағына жатқанын айтады. Себебі жүргізілген қазбаларда көптеген алтын бұйым табылған. Алайда мамандар елдің дәулетін арттырғандықтан аңыз пайда болғанын, яғни патша тұрған кезде ел байығандықтан осындай метафора пайда болғанын айтады. Есек құлақты болуын Мысырдың құдай билеушілеріне байланыстыратындар бар.  Себебі Мидастың билеушілік символы ұшында есек құлағы бар аса! Айырықша Мидасқа тиесілі деп есептелген бас сүйегін зерттеген мамандар патшаның құлақтарының ассиметриялық түрде орналасқанын байқаған. Бұған ана жатырында бір инфекция себеп болған болу керек. Сондықтан осыны жасыру үшін бас киім киіп жүрген болу керек.

Мидас туралы аңыздарға осы тұрғыдан қарап көріңіз.

 



Ұқсас жаңалықтар