Түрік Кеңесінің бейресми саммиті өтті

Еуразия күн тәртібі – 67

1618356
Түрік Кеңесінің бейресми саммиті өтті

Бүгінгі бағдарламамызда 31 наурызда ұйымдастырылған Түрік Кеңесінің бейресми саммитіне тоқталамыз.

2021 жылы 31 наурызда Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығында «Түркістан: Түркі Әлемінің Рухани Астанасы» деген тақырыппен Түрік Кеңесінің бейресми саммиті видео конференция арқылы ұйымдастырылды. Саммитке Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан және Венгрия лидерлері, Түрік Кеңесі, Түрік Академиясы сияқты Түркі әлемі халықаралық ұйымдарының басшылары, Түрік Кеңесінің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Саммитте Түркі әлемінің болашағына байланысты маңызды тақырыптарда шешім жасалды. Саммит соңында Түркістан декларациясы қабылданды. Енді декларацияда айтылған тақырыптарға тоқталайық.

Қазақстанның “Түркістан - Түркі Әлемінің Рухани Астаналарының бірі» деп жарияланды. Осы тәртіп Түркі өркениетін таныстыру мен зерттеу, ұрпақтардың түрік санасымен өсуі үшін өте маңызды.

Түркі Тілдес Елдер Ынтымақтастық Кеңесінің атын Түркияда күзде өткізілуі жоспарланған 8-ші саммитте өзгерту бұйрығы берілді. Ұйым өз атымен аталып, бұдан былай толық құқықты халықаралық ұйым ретінде белсенді іс-шараларын жалғастырады.

«Түркі әлемінің көзқарасы-2040» құжатына келесі саммитте қол қойылуы үшін дайындалуға бұйрық берілді. «Түркі әлемінің көзқарасы-2040» құжаты Түркі Республикаларының және Түрік Кеңесінің болашағын белгілейтін өте маңызды құжат. Түркі Республикалары арасындағы үйлесімнің жоспарлы-жобалы түрде жасалуы өте тамаша болды.

Саммитте Таулы Қарабах мәселесінің шешілуіне деген ризашылық тілге тиек етілді. Әзербайжан мен Армения арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа түсіруге қолдау берілетіні жарияланды. 2020 жылы 10 қарашада Түркі әлемі арасындағы құрлық жолы ашылды. Осылайша Түркі Республикалары тікелей қатынаспен жалғанады. Осы тұрғыдан 2021 жылы 1 сәуірде Әзербайжан мен Түркия арасында басталған төлқұжатпен саяхат жасауды өзге Түркі Республикаларында атқару орынды болмақ.

Саммитте Түркі әлемінің әдебиет, өнер, ғылым және мәдениет салаларында табысты болғандарға берілуі үшін Түрік Кеңесі Халықаралық Әлішер Науай жүлдесі белгіленді. 2021 жылы Юсуп Хас Хажип, Низами Генжеви, Юнус Эмре (Жүніс Әміре), Әлішер Навай, Жамбыл Жабаев, Әлихан Бөкейхан және Кусаин Карасаевтің жылдықтарында өтетін іс-шаралардың ұйымға мүше елдерде де ұйымдастырылуына шешім жасалды.

Видео арқылы ұйымдастырылған саммитте лидерлер Түрік Кеңесі шаңырағы астында ортақ қор мен ортақ банк құрылуын тілге тиек етті. Келесі саммитте осы салада нақтылы қадамдар басудың мүмкіндіктері жоғары екенін айта кетейік. Осы саладағы ынтымақтастықты жоғары өреге көтерудің уақыты келді.

Түрік Кеңесі тобы Ковид-19 процесінде табысты координация көрсетті. Әлемде алдымен пандемия саммитін ұйымдастырып, пандемия себепті пайда болған шығынды азайтуға, ұйымға мүше елдер арасындағы қарым-қатынастарды үзбеуге және ұйымшылдықты қамтамасыз етуге үлкен есе қосты. Аталған табыстар ұйымның бұдан былай да белсенді жұмыстарын жалғастыратынының кепілі болып табылады.

Келесі кездескенше күн жақсы болсын.



Ұқсас жаңалықтар