Хеттер кезінде салынған су бөгеті

Судан бастау алған мәдениет - 6

1535567
Хеттер кезінде салынған су бөгеті

 

Анадолыда қоныстанған өркениеттер мәдениет, өнер, сәулет, ғылым және технологияда бір-бірінен маңызды және теңдесі жоқ із қалдырды.  Сондықтан Анадолы жері археологиялық мұрасымен әрқашан алға шығып отырды. Осы мұраның көбін су ғимараттары,  су нысандары қалыптастырады.  Осы салада ең алда келетін елдердің бірі Түркия,  себебі осы нысандардың әрқайсы бір ашық ауа мұражайы іспеттес.

Анадолыда қызметін әлі күнге дейін жалғастырған, ғаламдық мәдениет мұрасы ретінде қабылданған су нысандары бар.  Ал осы жердегі ең байырғы су нысананың не екенін және қанша жылдық екенін білесіздер ме? Ең байырғы нысан – су бөгеті.  Оның үш мың жылдық тарихы бар! Еуропа мен Таяу Шығыстың мифологиясына, тіліне,  дініне, саясатына әсер еткен және әлемнің ең ірі өркениеттерінің бірі ретінде қабылданатын Хеттер кезінде салынған.

Чорумда Алажахөйүкте жүргізілген қазбалар барысында жарыққа шығарылған Алажахөйүк Хетт бөгеті «Әлемдегі жұмыс істеп тұрған ең байырғы су бөгеті» деген атаққа ие. Су бөгеті түрлі жобалар нәтижесінде қайтадан істей бастады және бүгін осы су бөгетінің арқасында диқандар егістіктерін суғарып отыр!

**

Адам баласы тарих сахнасында орын ала бастағаннан бері өзі білмейтін,  құпиясын аша алмаған нәрседен қорыққан,  уақыт өте келе өзін қорқытқан нәрсенің не екенін түсініп,  одан қорғанудың тәсілін ойлап тапқан. Суға байланысты да осыған ұқсас үрдіс болған...

Су тіршіліктің қайнар көзі болса да, қирауларға да себеп болғандықтан,  адам баласы алдымен одан қорыққан.  Құрбан шалып, садақа берген. Су тасқындарында,  селде және құрғақшылық кезінде жан шығыны болмасын, зиян келмесін деп тілеген. Көне өркениеттердің аспан немесе жер бетіндегі кейбір құбылыстарды қасиетті деп қабылдағаны секілді хеттер де суды,  бұлақтарды,  теңіздерді,  көлдерді және өзендерді қасиетті деп есептеген. Олар үшін ескерткіштер тұрғызған.  Оның үстіне тек тіршілік көзі болғаны үшін емес,  сонымен бірге қасиетті, киелі деп есептегендіктен қалаларын да, ғидабатханаларын да су бойына салған.

Құдайлардың алдына таза болып шығу үшін ғибадатханаларының жанына қасиетті хауыздар салған. Су каналдары,  көлшіктер,  ескерткіштер тұрғызған. Хеттер осылайша Анадолының алғашқы су ғимараттарын қалыптастырған.

**

Анадолының тарихтағы ең байырғы есімі – Хатти елі.  Хеттерден бұрын іздері табылған,  осы жердегі тұңғыш өркениеттің аты – хаттилер. Алажахөйүк – хаттилер кезінің ең үлкен қалаларының бірі. Хеттер кезінде де маңыздылығын қорғап қалған. Сына жазумен жазылған тақтайшаларда бұлақ және су көздерімен танымал бір қала ретінде кездеседі. Сонымен бірге Хет мемлекетінің және ордаларының қорғаушысы болған Күн құдайының елі ретінде де танымал Алажахөйүк. Хеттер кезіндегі есімі «Бұлақ қала» деген мағынаға келетін – Аринна. Ал сонда көбіне құрғақшылыққа ұшыраған Анадолының ортасындағы осы қала суымен қалай атағы шыққан?

Хеттер қоныстанған жерде климат қатаң, сулауға мүмкіндік болмағандықтан топырақ шығымды емес еді.  Бүгінгі күнге жеткен сына жазулы тақтайшаларда көптеген жаңбыр дұғасының кездесуі осы өркениеттің су тапшылығы проблемасы болғанын анық көрсетеді. Сондықтан олар өздері өмір сүрген аймақ пен климат шарттарына сай жүйелерді жетілдіруге мәжбүр болды.  Әрі күнделікті тұрмыс үшін,  әрі құрғақшылық кездер үшін, әрі құрғақшылықтан кейінгі тапшылық үшін ойластырып, жаңбыр және жасанды сулауға сүйенетін бір жүйе жетілдірген. Айырықша жерді сулау,  күнделікті тұрмыс қажеттіліктерін қамдау және болуы мүмкін су тасқындарын бақылауға алу үшін су каналдары,  хауыздар,  қоймалар мен бөгеттер тұрғызған.

Міне, осылайша Анадолының тұңғыш су бөгеттерінің бірін Алажахөйүкте салды хеттер.  Осы бөгеттің Анадолыда болған үлкен құрғақшылықтан кейін Хет патшалары тарапынан салынғаны белгілі.

Алажахөйүк Хет бөгеті тек Анадолының ғана емес,  сонымен бірге әлемнің де бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп тұрған тұңғыш су бөгеті. Бөгет жартасты жердің ойылуымен салынған.  Онда бүгінгі су бөгеттерінде болғандай артық суды жіберетін жүйелер бар. Ежелгі мекенде таза және қалдық су каналдарын да кездестіруге болады. Бөгеттің суы егіншілікте,  ауыз су қажеттіліктерінде және діни мақсатта қолданылған.

Хеттер өздері қоныс тепкен басқа қалаларда да су бөгеттерін салған. Осы бөгеттердің орнының таңдалуы да су мұқтаждықтарына немесе жер бедеріне қарай өзгешелік көрсетеді. Тегіс алқапқа хауыздар, биік жерлерге терасса түрінде салынған. Кайсери, Кония, Сивас және Чорумда салынған бөгеттер зерттеліп қаралғанда, өздері өмір сүрген дәуірмен салыстырғанда математика және инженерлік тақырыбында басқа елдерден әлдеқайда алда болғандары көрінеді.

Хеттер тек бөгет салып қоймаған әрине... Жартастардың ортасына ойылған су қоймалары арқылы жаңбыр суының жиналуын қамдаған.  Айырықша суды сақтау үшін қоймалар мен хауыздар салған.  Осы қойма мен хауыздардағы суды топырақтан жасалған құбырлар арқылы үйлеріне дейін жеткізген. Сумен байланысты барлық нысандардың жылына бір рет тазалануы, ластан сақталуы,  сулау жүйелеріне зиян келтіргендердің жазаландырылуы секілді тақырыптарда да хеттердің ережелері болған. Осы айтылғандардың барлығы осыдан үш мың жыл бұрын болғанын еске салайық және Хеттер тек Анадолы үшін ғана емес,  әлем тарихы және өркениеті үшін қаншалықты маңызды екенін қайталап айталық...

**

Енді қысқаша Алажахөйүк туралы да айтып берелік...

Алажахөйүк тұрғындарының тас және темір шеберлігімен атағы шыққан қала.  Археологтар оны қабір бөлмелері,  осы бөлмелерден шығарылған құнды кендерден жасалған әшекейлер себепті маңызды орынға қояды. Чорумның оңтүстігіндегі бұл жер Анадолы мәдениет мұрасында маңызды орынға ие.  Себебі Түркия Республикасының тұңғыш ұлттық қазбасы жүргізілген жер.

Бұдан бұрын да осы жерде қазба жүргізілген,  бірақ аяқталмаған.  Түркия Республикасының құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің нұсқауымен қазба басталып,  әлем тарихында өз орнын алған. Қазба барысында Алажахөйүкте Рим, Елленистік, Селчук және Османлы өркениеттерінен қалған төрт қабат табылған.  Қазбаларда шыққан жәдігерлер сол кездердің мәдени, экономикалық, саяси және әлеуметтік құрылымын түсінуде маңызды үлес қосқан. Осы жәдігерлер бүгінгі таңда Анкара Анадолы Өркениеттер мұражайы және Чорум Алажахөйүк Мұражайында көрмеге қойылған.

Сол дәуірдегі ең маңызды елді мекендердің арасында орын алатын Алажахөйүкті, Анадолының және әлемнің әлі жұмыс істеп тұрған жалғыз және тұңғыш су бөгетін хеттердің сумен қатынасын түсіндірдік бүгінгі бағдарламамызда.

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар