Сарай тағамдары – 5

Қыш-құмыра кәуабы

1353125
Сарай тағамдары – 5

Османлы сарай асханасынан керемет дәмдер таныстырылатын бағдарламамыздың бүгінгі бөлімінде сіздерді бес мың жылдық тарихымен Анадолының жүрегінде орналасқан Невшехирге алып барамыз.  Осы аптадағы тағам – қыш-құмыра кәуабын Каппадокияның керемет атмосферасында дайындаймыз.

    Осы тағам үшін керек нәрселер:

1 кг май туралған ет

200 гр қайнатылған ноқат

1 дана пияз

Екі тіс сарымсақ

Бір будам піспеген жүзім

Бір қасық сары май

Тұз

Қара бұрыш

Екі қасық ұн

Бір стакан су

Сумах

 

Осы тағамның дайындалуын аспаз, зерттеуші Юнус Эмре Аккор көрсетеді. Тағамды дайындамас бұрын Каппадокияның керемет көріністерін тамашалаңыздар.



Ұқсас жаңалықтар