Рохинджа мұсылмандары: Аракан немесе тек қана қан

Проф. Др. Кудрет Бүлбүл*

885154
Рохинджа мұсылмандары: Аракан немесе тек қана қан

Аракан немесе Рохинджа мұсылмандары жөнінде жақын уақытқа дейін бәлкім көбіміз естімеген болармыз.  2017 жылдың 25 тамыз күнінен кейін Мьянмадан қашып,  500 мыңнан астам адам Бангладешті паналағанда ғана оларды және олардың трагедиясын байқадық.

Араканның қайда екенін түсіну үшін бәлкім географиясы туралы айту керек.  Аракан- Мьянманың 7 уәлаятының бірі.  Мьянма – Тайланд,  Лаос, Қытай, Үндістан, Бангладеш, Бенгаль шығанағымен қоршалған бір ел. Аракан да Мьянманың жағалау бойы созылып жатқан стратегиялық жағынан ең маңызды аймағы.

Араканда Бенгаль шығанағында батқан кемеден аман қалған мұсылман саудагерлер арқылы Ислам дінінің тарағаны айтылады.  Аракан мұсылмандары да Моро мұсылмандары секілді көптеген ғасырлардан бері өз сұлтандықтарында өмір сүреді. Батыстық империалист елдердің экспансионистік саясатымен 1885 жылы ағылшын басқыншылығына ұшырайды.  «Егер бір өзенде екі балық төбелессе, сол жерден аяғы ұзын бір ағылшын өтті деп біле бер» деген үндіс мақалын еске түсіретіндей, Мьянма 1948 жылы тәуелсіздігін алғаннан кейін проблемалар артады. 1962 жылы төңкеріспен билікке келген генерал Не Вин сол кезге дейін Бурма деп аталып келген атын Мьянма деп өзгертті.  Бір партиялық республика кезеңінде мұсылмандарды өмір сүретін жерлерінен айдау үшін әртүрлі мемлекеттік саясат жүргізіледі. 969 қозғалысы деп аталған,  асыра буддисттердің адамдыққа жатпайтын шабуылдарын да ұмытпау керек.

Көптеген он жылдан кейін жеткен жері қайдан қарасаңыз да қайғы-қасірет,  көздің жасы,  жер аударылу, қан – Аракан.

Аракан проблемасына назар аудару мақсатымен Еуропа Рохинджалықтар кеңесінің төрағасы және ТР Сыртқы істер министрлігің кеңесшісінің орынбасары Үмит Ярдымның қатысуымен Беязыт Университетінде бір жиналыс өткізген болатынбыз.  Голландиядан келген қонағымыздың екі аты бар еді.  Ла Жо және Мұхаммед Хубейб. Неге? деп сұрағанымызда жағдай түсінікті болды.  Мьянмада жікшілдікке ұшырамау үшін барлық мұсылмандар шын аттарынан басқа Мьянма атын қолдану керек екен. Біз бұл жағдайды 1980 жылдары Болгарияда түріктерге істелгеннен,  тіпті қабірінің тастарын да өзгерткенінен білеміз.

Иа,  өте үлкен қайғы,  бірақ тынысымыз біткенше үміт бар. Сондықтан шешім туралы сөйлесуіміз керек.

Мьянмаға халықаралық қысым қалыптастыру. Бір елде құқық, әділет болмаса, қысым мен зұлымдық болса,  онда залымдарды тек күшпен тоқтатуға болады.  Сондықтан халықаралық қоғам Мьянмаға қысым жасау үшін барлық әдісті қолдану керек. Бұл әдісті тек мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар ғана орындай алады.

Халықаралық шешім тобы.  Украинадағы Минск тобы секілді проблеманы шешу үшін халықаралық дағдарыс және шешім тобын қалыптастыру қажет.  Қытай мен Үндістанның сол аймақта шешімнің емес,  көбіне проблеманың бір бөлшегі екенін жақсы білеміз.  Сонда да мүмкіндігінше олардың да үрдістің бір бөлшегі болуын қамдап,  шешім іздеуіміз керек.  Осы шешім тобы аракандықтардың аман-сау еліне оралуын қамдау және оралғаннан кейін өмір гарантияларын алғанын бақылауға жауапты болуға тиісті.

Аракандағы зұлымдық, қысым мен құқық бұзушылықты халықаралық аренаға паш ету.  Аракандықтардың Сириядағы күрдтер секілді әлі күнге ресми куәліктері жоқ. Ресми мәртебесі болмағандықтан, білім алу,  медицина секілді негізгі мұқтаждықтардан да пайдалана алмайды.  Дүние жүзіндегі үкіметтік емес ұйымдар, ерікті қоғамдар өз елдерінде және халықаралық платформада осы құқық бұзушылықтарды жариялауы керек.  Заңды үрдіс бастатуға болады. Құқық бұзған елдер немесе армия басшыларына қарсы ашылатын соттық істер қорытынды алынбаса да, көп нәрсеге кедергі болады.

Бангладешке көмектесу. Өзі де қиын жағдайда тұрған Бангладешжүз мыңдаған адамға көмектесуге тырысуда.  Оларды жалғыз қалдырмау керек.

Стратегиялық мекемелерге көңіл бөлу.  Мьянма зұлымдығында болғандай,  қай жерде гуманитарлық дағдарыс болса,  Түркия және Түркияның Төтенше жағдай басқармасы,  Түрік Қызыл жарты ай қоғамы,  ТИКА, Адам құқық пен еркіндіктері фонды және басқа да ұйымдарымен барлық көмекті береді. Бірақ қаншама құнды және жедел болса да, гуманитарлық көмек жеткілікті болмайды. Стратегиялық шешім табатын орталықтар да соншалықты маңызды.

Түркия басшылық жасайтын халықаралық тұрақты дағдарыс тобын қалыптастыру.

Жаһандық сана қалыптастыру. Аракан мәселесі де Иерусалим мәселесі секілді тек мұсылмандар тарап болған проблема емес. Осындай тақырыптарда халықаралық сана қалыптастыру өте маңызды.  Осы тұрғыдан бірінші леди ретінде Емине Ердоғанның сапары өте мәнді болатын. Әлемнің қай жерінде болса болсын,  оқырмандарымыз жаһандық сананы жетілдіру үшін белсенді жұмыс істеуіне болады.

Кейде бір нәрсе өзгерсе,  көп нәрсе өзгереді.  «Климат өзгереді,  Жерорта теңізі болады» деп айтады бір ақын.  Онда қанекей, бос тұрма.  Қайғысын бөліс.  Осылайша жазықсыздардың көз жасы азайсын. Ертеңгі күнге үреймен емес,  үмітпен қарасын.  Аракандық балалар...

 

Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саяси ғылымдар факультетінің деканы

 



Ұқсас жаңалықтар