«Түркі академиясының халықаралық ұйымы»

Түркия және Еуразия тынысы 12

698500
«Түркі академиясының халықаралық ұйымы»
10-11/Files/UploadedImages/6438943darhan.jpg
Nazarbayev_darhan kıdırali.jpg

Түркітілдес мемлекеттер басшыларының 9-шы саммитінде (Әзірбайжан – 2009 жылы 3 қазан күнгі) Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркі әлемімен байланысты зерттеулер жүргізетін ғылыми бір орталық құруды ұсынды. 2012 жылы 23 тамыз күні Бішкекте болып өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі саммитінде қабылданған шешіммен Әзірбайжан, Қырғызстан, Қазақстан және Түркия мемлекеттерінің инициативасымен Түркі академиясы құрылды. Академияға 2014 жылы 27 тамыз күні халықаралық мәртебе берілді.

Түркі академиясының халықаралық ұйымы (International Turkic Academy) алдынғы мақсаты көне дәуірден бүгінге дейінгі түркі әлемі тарихын, тілі мен әдебиетін және мәдениетін зерттеп, түркі мемлекеттерінің әлемдік өркениеттегі орны мен ерекше үлесін төлтума деректер негізінде аша отырып, жалпы түркі әлеміне қатысты ғылыми зерттеулерді үйлестіретін бірегей орталыққа айналу. Түркі халықтарының ғылыми қауымдастығының ғылым мен білімінің дамуы, сондай-ақ басқа да түркі тілдес мемлекеттер қайраткерлерінің бастамаларына жағдай жасау және олардың басын бір арнаға қосу. Академияның жұмыстарына ең көп қолдау берген мекемелердің басында Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) келеді. Бұл қолдау арқасында Академия Моңғолияның Өтүкен аймағында маңызды бір табысқа қол жеткізді. 60-қа таяу түркі тайпасының 693 жылы басқосып, жазбалары мен тамғаларын тасқа жазып қалдырған маңызды бір жәдігерді тапты.

Академия Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркиядан түрік тарихы саласының белгілі ғалымдарының қатысуымен Түрік Кеңесіне мүше елдердің орта мектеп оқушылары үшін Ортақ түрік тарихы оқулығын дайындады. Ортақ академиялық жұмыстар мен ортақ оқулықтар түркі әлемінің мәдени бірлігі, интеграциясы және интеллектуалды ынтымақтастықты тереңдетуіне үлес қосады. Сондай-ақ ортақ құндылықтар, ортақ тарих және ортақ әдебиет түсінігі түркітілдес мемлекет пен қауымдастықтарының интеграциясы үшін саналық бір инфрақұрылым қалыптастырды.

Түркі академиясының халықаралық ұйымының үлкен 3 ғылыми/мерзімді басылымы бар. Алғашқы нөмірі 2014 жылы жарияланған «GLOBAL-Turk» журналы, алғашқы нөмірі 2013 жылы жарияланған «Алтаистика және түркология» журналы, 2015 қараша айынан бастап апталық жарияланатын «Тurkic Weekly» журналы бұл салада маңызды бір кемшілікті де толтырады.

Түркі академиясының халықаралық ұйымы жанында 5 зерттеу орталығы бар. Олар; Тарих және этнология орталығы; Тіл, әдебиет және терминология орталығы; Өнер және мәдениет орталығы; Әлеуметтік–экономикалық зерттеулер орталығы және Халықаралық зерттеулер орталығы.

Түркі академиясының түркітілдес елдердің университеттері арасында профессор, оқытушылар мен студенттерді алмасу, диплом теңдігі, аккредитация сияқты тақырыптарда инициатива алғаны жөн болар. Бұл аяда Түркия Жоғары оқу мекемесінің (YÖK) басшылығымен Түркі әлемі университеттер агенттігі сияқты бір мекеменің құрылып, Түркі академиясы құрамында жұмыс істеуін қамтамасыз еткені дұрыс деп ойлаймыз.

Орталығы Қазақстанның Астана қаласы болған Түркі академиясының халықаралық ұйымының тұңғыш президенті-тарих ғылымдарының докторы Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Түркі әлемін құрмет тұтқан және танымал ғалымдарының бірі. Қыдырәлі магистратураны 1998 жылы Эгей Университетінде «Мұстафа Шоқайдың өмірі, қызметтері және дүние көзқарасы» тақырыпты дипломмен қорғады. 2001 жылы Стамбұл Университетінде «Түркістанда жәдитшілік қозғалысы және Түркиямен байланысы» тақырыпты дипломымен докторантурасын қорғады. Түркі әлемін өте жақсы танитын бір ғалым ретінде Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі бұл міндет үшін таптырмас тұлға.

Бірнеше ай бұрын Астанада Түркі академиясына барып едім және атқарылған жұмыстармен таныстым. Әрі академияның президенті профессор Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі, әрі мекеменің құрметті мамандары Қанат Догалов, Данияр Қосназаров, Жанат Момынқұлов және Асхат Кесікбаев мекеменің жұмыстарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Академия құрылған күннен бастап, ынтымақтастықтары мен жұмыстарының ауқымын кеңейтуде. Нысаналары бағытын маңызды сатыларға көтерілуде.

Байқауымша мекеменің қазіргі инфрақұрылымы және ғимараты Академияның жұмыстарына және нысаналарына жеткіліксіз. Түркі әлемі үшін жүргізілген барлық жұмыстарға әртүрлі қолдауды берген Қазақстанның алдағы уақытта Түркі академиясына одан ыңғайлы және үлкен бір орталық қамтамасыз ететін шығар.

Академияның жұмыс шарттарымен байланысты Түрік Кеңесіне мүше 4 елдің тиісті мекемелері арасында кейбір сәйкессіздік мәселелері бар. Мекемелік мәселелерді шешу, жұмыстарды жылдамдату керек. Түрік академиясы қазір UNESCO мен БҰҰ орталықтарында халықаралық іс-шаралар ұйымдастыра алатын абыройға ие бір мекеме. Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан және Қырғызстан Түрік академиясына қолдауын арттырып, реттеулі бюджет бөлу керек. Қажетті қолдау берілген жағдайда, Түркі академиясының халықаралық ұйымының аса маңызды академиялық жұмыстар ортаға қояды. Сондай-ақ Өзбекістан мен Түрікменстанның Халықаралық Түркі академиясына қолдау беріп, жұмыстарына белсенді қатысуы әрі өздері, әрі түркі әлемі үшін аса маңызды болып табылады.

Ататүрік Университеті Халықаралық қатынастар кафедрасы ғылыми-зерттеу қызметкері Джемил Доғач Ипектің мақаласын ұсындық.



Ұқсас жаңалықтар