Апталық Анализ 70

Түркияның стратегиялық ортасы динамизм және әртүрлілікпен сипатталады.

2082211
Апталық Анализ 70

7 қазандағы оқиғалар мен одан кейінгі оқиғалар тысында 2023 жылы Түркияның сыртқы саясаты тұрғысынан салыстырмалы түрде тыныш өтті деп айтуға болады. Мамырдағы жалпы сайлаудан кейін жалғасқан қарым-қатынастарды қалыпқа келу үрдісі сыртқы саясаттың бағытын анықтауда маңызды рөл атқарды. Шешілмеген мәселелерге қарамастан, ықтимал қақтығыстарды барынша азайту және ортақ мүдделерге басымдық беру сыртқы саясаттың негізгі күн тәртібі болды. Президент Режеп Тайып Ердоған сайлаудан кейінгі кезеңде Парсы шығанағы елдерімен қарым-қатынастарды орталық етіп, экономиканы басты назарға алатын аймақтық сыртқы саясатты таңдады. Сириядан туындайтын қауіпсіздік тәуекелдерін азайту үшін Асад режимімен министрлер деңгейінде келіссөздер басталды. Израиль және Мысырмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруде маңызды қадамдар басылды. Ердоғанның Қарабахты азат етуде Әзебайжанға қатты қолдау көрсетуі 2023 жылы Түркияның геосаяси ойыншы ретіндегі ұстанымын нығайтты.

Ердоған сондай-ақ Түркияның батыспен байланысын қалпына келтіруге тырысты. Түркия-АҚШ қарым-қатынастарында жаңа бағытты белгілеуді мақсат етті және Украина жанжалына қатысты теңгерімді тұғыр ұстанды. 2023 жылы тағы бір маңызды сыртқы саясат қадамы болса  Түркия-Грекия саммитінің сәтті өтуі.

Түркия-АҚШ  қарым-қатынастары кейбір шешімін таппаған мәселелерге байланысты 2024 жылы күн тәртібін алуға дайындалуда. Бұлардың ең бастысы – АҚШ-тың террор ұйымы PKK-ның Сириядағы тармағы YPG-ге қолдауының жалғасуы. Атап айтқанда, АҚШ-тың Сирия стратегиясында айтарлықтай өзгеріс болмады және бұл Сирияның солтүстік-шығысында YPG-ге қолдаудың жалғасатынын көрсетеді. Бұл үздіксіз қолдау YPG өзінің әскери мүмкіндіктері мен халықаралық желілерін нығайтқан сайын Түркияның қиыншылықтары да көбейеді. Аймақтың атын Солтүстік Сирия Демократиялық Әкімшілігі деп өзгерткен жаңа конституцияның орындалуы сияқты соңғы әрекеттер Түркияның әрекетінің өзектілігін паш етеді. 2024 жылы YPG мәселесінің шешілмеуі Түркияны үлкен стратегиялық тұрғиыққа апаруы мүмкін. Бұған қоса, Түркия-АҚШ қарым-қатынасының басқа аспектілері де алдағы жылдың тақырыбы болатынын көрсетеді. F-16 сатылымдарындағы болымды өзгерістер мен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Швецияның НАТО-ға мүшелігіне байланысты қабылдаған оң шешімі Түркия-Америка қарым-қатынастарының әскери және қорғаныс саласына болымды әсер етуі мүмкін.

Алайда Израильдің Газа соғысы және Түркияның бұл мәселедегі ұстанымы сияқты динамика Түркия-АҚШ қарым-қатынастарына кері әсер ететіні сөзсіз. Жақын болашақта Израиль мен Түркияның бітімге келу мүмкіндігі аз сияқты. Бұл Түркия-АҚШ қарым-қатынастарына кері ықпал жасайды.

Түркия-Еуропа қарым-қатынастары тұрғысынан 2023 жылы қол жеткізілген атмосфераны 2024 жылы Еуропалық Одақ ауқымында сайлаудан кейінгі атмосфера жалғасуы мүмкін. Жалғасып жатқан Украина қақтығысы Түркия-Еуропа қарым-қатынастарына айтарлықтай әсер етеді.  Қақтығыс барысындағы белгісіздіктерді ескере отырып, Түркиядан стратегиялық көзқарасты талап етеді. Қауіпсіздік тақырыбында ынтымақтастық  күшейеді. Экономикалық жақтан өзара тәуелділік Түркия-Еуропа қарым-қатынастарының 2024 жылы тұрақты болатынын көрсетеді.

Түркия мен Грекия арасындағы татуласу және Жерорта теңізінің шығысы энергетика саласындағы ынтымақтастықтың артуы Түркия-Еуропа қарым-қатынастарына оң әсер етуі ықтимал. Алайда Еуропада ұшқары оңшыл идеологиялардың күшеюі ұлттық және сыртқы саясатқа әсер етеді. Сондай-ақ Еуропалық Одақ ішінде түріктерге қарсы әрекеттерді тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл саладағы оқиғаларды мұқият бақылау қажет.

Жалғасып жатқан Украина соғысы 2024 жылы ең маңызды халықаралық мәселелердің бірі болып қала береді және жақындығы мен мүдделеріне байланысты Түркияға айтарлықтай әсер етеді. Ең маңызды мәселе АҚШ пен Еуропа елдерінің Украинаға әскери көмегін жалғастыруы немесе жалғастырырмауы төңірегінде болады. Көмекті жалғастырса, онда Украинаның қақтығысты жалғастыру  көлемін арттырады. Егер көмекті тоқтатын болса, соғыстың барысын өзгертіп, Ресейге пайда әкеледі деген сөз.

Қорыта айтқанда Түркияның сыртқы саясатына Украинадағы қақтығыстың ықтимал салдары әсер етеді. Ердоғанның Венгрия сапары кезіндегі соңғы мәлімдемелері және Ердоған мен Ресей Президенті Владимир Путин арасында жаңа саммит өткізу мүмкіндігі астық дәлізі келісімі сияқты мәселелердің маңыздылығын көрсетеді. Түркияның Ресей, Сирия, Оңтүстік Кавказ, Ливиямен энергетика салаларындағы көп қырлы қарым-қатынастары ескерілгенде, Түркия-Ресей қарым-қатынастары 2024 жылы да маңызды орталық болуды жалғастырады.

Таяу Шығыста қарым-қатынастардың қалыпқа түсуі  түрік сыртқы саясатының маңызды элементі болып қала береді. Алайда Түркия мен Парсы шығанағы елдері арасындағы «қарым-қатынастарды қалпына келтіру» термині ескірген болуы мүмкін. Бұл жаңа бір ымыраласудың белгісі болып табылады. Түркия, Сауд Арабиясын, Біріккен Араб Әмірліктерін (БАӘ) және Катарды біріктіретін жаңа аймақтық консенсусқа және әсіресе қорғаныс саласындағы ынтымақтастықта стратегиялық альянсқа айналуы мүмкін. Осыған қарамастан Газа мәселесінің шешілмеуі Таяу Шығыста 2024 жылы Түркия мен бүкіл аймаққа әсер етеді. Қалайда Түркия қатарлы   елдер Газаға бағытталған күш-жігерін арттырады.  

Орталық Азия 2024 жылы Түркия үшін, әсіресе Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы қарым-қатынастар тұрғысынан маңызды. Бастапқыда экономикалық ынтымақтастыққа бағытталған бұл серіктестік стратегиялық саяси бастамаға айналып, Түркияны Орталық Азия теңдеуінде өз орнын қамтамасыз ететін сыртқы саясат жүргізуге жетелейді деп күтілуде.

Бір сөзбен айтқанда, Түркияның стратегиялық ортасы динамизм және әртүрлілікпен сипатталады. Түркияның жаңа аймақтық және халықаралық бағдары үшін қиындықтар туғызатын біршама шектеулі аймақтық атмосфера пайда болады.



Ұқсас жаңалықтар