Апталық Анализ 58

Терроризмді насихаттаудың алдын алу біздің идеялар соғысында екенімізді мойындаудан басталады.

2047397
Апталық Анализ 58

2023 жылы 1 қазан күні PKK террор ұйымының Анкарадағы Ішкі істер министрлігіне қарсы жасаған лаңкестік шабуылы қауіпсіздік және барлау мәселелерімен қатар ұйымның үгіт-насихат және стратегиялық байланыс процестерінің алдын алу тұрғысынан да қолға алынуы керек. Террорлық шабуыл себепті қауіпсіздік ұйымдарымен қатар қоғам күйзеліс және белгісіздік ішіне кірді. Алайда  қауіпсіздік пен барлау процестерін тиімді пайдалану және лаңкестік шабуылдан кейінгі психологиялық және әлеуметтік әсерді азайту керек. Өйткені мұндай оқиғаларға жылдам наразылық көрсету тек  бір мезеттік нәтиже емес, сонымен бірге ұлттық қауіпсіздік және әлеуметтік құрылымның ұзақ мерзімді бағытын да айқындай алады. Террорлық шабуылдан кейін шұғыл назар аударуды қажет ететін маңызды мәселе – шабуылдан кейін дереу лаңкестік насихаттың алдын алу. Осы түйінде стратегиялық коммуникацияның үгіт-насихаттың алдын алуда өте маңызды екенін атап өткен жөн.

Террорлық шабуылдан кейінгі былыққан ортада бүкіл қоғамның назары лаңкестік оқиғаға аударылады. Ақпараттық агенттіктер егжей-тегжейлерді іздейді, куәгерлер өздерінің басынан өткендерін айтады, қоғам болса трагедияны түсінуге талпынады. Әлеуметтік медианың осы кезде лездік және нақтылы ақпаратты қамтымайтын ықпалдасу саласында процесті бақылау мүмкін емес. Сарапшылар қолындағы шектеулі ақпаратпен жедел талдау жасайды. Қарапайым пайдаланушылар эмоцияға негізделген мәлімдеме жасайды.  Ал былықпалықтан  пайдаланғысы келген  топтар болса, процесті басқара отырып,  арандату тудыратын өзара әрекеттесу желісін құрады. Дәл осы кезде лаңкестік үгіт-насихаттары өз мақсаттарына жету үшін адамдардың санасын шатастырады және түсінбеушілік пен күшейген эмоцияларды пайдаланады.

Шабуылдан кейін үгіт-насихаттың алдын алудың өзектілігі радикалданудың алдын алу тұрғысынан маңызды кезең болып табылады. Шабуылдан кейін бірден экстремистік жағдайға ұшырау эмоционалдық тұрғыдан осал немесе сұраққа жауап іздейтін адамдарды радикализациялауы мүмкін. Бұл қауіптің алдын алу және радикалдану ағымын тоқтату үшін өте маңызды. Енді бір жағынан көшірме шабуылдарының алдын алуы шабуылдан кейінгі қауіпсіздік пен барлау процесін басқару тұрғысынан өте маңызды. Терроризмді насихаттау көбінесе шабуылдаушыларды мадақтау арқылы  олардың абыройын көтереді. Бұл жағдай радикалдану процесіндегі адамдарды дереу әрекет етуді қажет ететін көшірме шабуылдарын жасауға шабыттандыруы мүмкін.

Мысалы жексенбі күнгі шабуылдан бірнеше күн өткен соң PKK террор ұйымы әлеуметтік медиада белсенді араласу алаңын құру үшін осындай әдісті қолданды және шабуыл арқылы аумағын кеңейтуге тырысты. Әлеуметтік тұтастықты сақтау  шабуылдан кейін ескерілуі керек бір жайт. Терроризмді насихаттау қоғамда алауыздық пен келіспеушілік тудыру арқылы психологиялық алаңдаушылықты тереңдетуді көздейді. Шабуылдан кейін бірден бұл әңгімеге қарсы тұру әлеуметтік бірлікті сақтау үшін өте маңызды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  болса, шабуылдан кейінгі процесті басқару тұрғысынан қарсы үгіт-насихаттың алдын алудағы ең маңызды процестердің бірі. Сондықтан нақты ақпарат пен ашық коммуникация қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Үгіт-насихат арқылы таралатын жалған ақпарат немесе қауесеттер дүрбелеңге немесе дұрыс емес әрекеттерге әкелуі мүмкін. Осы түйінде  Түркия соңғы жылдары жүзеге асырған және Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы басшылығындағы жаңа коммуникация архитектурасы мен моделі (әсіресе жалған ақпаратпен күресу орталығы) процесті басқару тұрғысынан шынайы ақпаратты жалған ақпараттан ажыратуда үлкен рөл атқарады. Ресми ақпаратты бейресми ақпаратпен алмастыру өте қиын болғанымен, әлеуметтік желілердің құдіретін ескерсек, жылдам әрекет ету үгіт-насихаттың таралуына және тамыр жаюына жол бермейді. Сондықтан лаңкестік қауіп-қатермен тиімді күресу үшін лаңкестік насихаттың алдын алудың және стратегиялық коммуникация басқармасының  үлкен маңызы бар екенін мойындауымыз керек.

Терроризмді насихаттаудың алдын алу біздің идеялар соғысында екенімізді мойындаудан басталады. Жеңіске жету үшін экстремистік идеологияларға қарсы шығып қана қоймай, үміт, төзімділік және бейбітшілік туралы балама көзқарасты ұсынатын қарсы дискурстарды құру қажет. Бұл қарсы сөздер сенімді, сезімді ояндыратын және экстремистік ықпалға барынша бейім аудиторияға бағытталған болуы керек. Оның үстіне бұл соғыс кез келген ұйым жалғыз өзі күресе алатын соғыс емес. Үкіметтер, мемлекеттің әртүрлі институттары, технологиялық компаниялар, БАҚ, азаматтық ұйымдар және қоғам осы экзистенциалды қауіппен күресудің кешенді стратегиясы аясында әрекет еткенде ғана табысқа жетуге болады. Бұл тұрғыда медиа және технологиялық компанияларға өмірлік жауапкершілік жүктеледі. Медианың  оқиғаны жеткізу барысындағы қолданылған тіл, шабуыл барысында алынған көріністерді бөлісу, сарапшыларды таңдау, әкімшілік процедураларға сәйкес әрекет ету  және стратегиялық коммуникацияны тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін өте маңызды.

Жексенбі күні болған шабуылда көрініп тұрғандай, кейбір медиа платформалардың көріністерді көрермендерімен бөлісуі  жасалмауы керек ең үлкен қателіктердің бірі.

Бұқаралық ақпарат құралдарынан басқа, технологиялық компаниялар өздерінің платформаларынан экстремистік мазмұнды анықтауға және дереу жоюға жауапты. Алайда  бүгінде технологиялық компаниялардың жедел әрекет ету мүмкіндігі өте шектеулі. Түркияда бұл мәселеге қатысты құқықтық реттеулер бар болса да, олардың тиімді жүзеге асырылуында мәселелер әлі де бар. Бұл салада толық табысқа жету мүмкін емес сияқты. Өйткені әлеуметтік сананың әлсіздігі – ең үлкен кедергілердің бірі. Осы тұрғыдан алғанда  білім саласы мен түрік азаматтық ұйымдарды қайта қарау қажеттігі туындап отыр. Әлеуметтік желіде жеке жауапкершілік қай жерде басталып, қай жерде аяқталады деген сұраққа толық жауап беру мүмкін болмаса да,  Білім беру министрлігі әлеуметтік желілерді пайдалануға қатысты жобаларды көбірек қолға алғаны өте пайдалы болар еді.



Ұқсас жаңалықтар