Апталық Анализ 44

НАТО-ның Швецияны мүшелікке қабылдауы Түркияның мақұлдауымен ғана мүмкін болады.

2003619
Апталық Анализ 44

Ресейдің Украинаға басып кіру әрекетінен кейін НАТО-ға мүше емес және тарихта бейтараптық танытқан Балтық жағалауы елдері үлкен қауіпке душар  болды. Ресейге географиялық жақындығына байланысты Финляндия және Швеция НАТО-ға өтініш беріп, мүшелік үдерісін жеделдетуді сұрады. Түркияның алаңдаушылығын жеңілдеткен Финляндия мүшелікке қабылданса, Түркия 1 маусымнан бастап күшіне енген терроризммен күрес заңының орындалуына байланысты Швециядан нақты қадамдар басуын күтуде. Швецияның мүшелігіне қарамастан Түркия халықаралық лаңкестікпен күресті әрбір халықаралық платформада болғандай НАТО аясындағы ортақ мақсаттардың біріне айналдыруды табандылықпен жалғастыруда.

2000 жылдардан бері Еуропа мен Ресей арасындағы саяси және экономикалық қақтығыстарына айналған Украина Батысқа жақындағаны үшін үлкен шығын төлеуге мәжбүр болды. Шабуылдан бұрын Ресей НАТО-ның кеңеюін тоқтатуды талап етіп, Украинаның бұл одаққа қосылмауын шарт ретінде ортаға қойды. Украинаның ұлттық егемендігіне нұқсан келтіретін Ресей талаптарының мақсаты шешім табудан гөрі Ресейдің басып кіруге негіз қалау болды. Мұндай жағдайда НАТО-ға  мүше емес  Финляндия, Швеция сияқты елдер осындай қауіп-қатерге ұшырамау үшін мүшелікке өтініш берді.

Ресейдің Украинаға айтарлықтай қарсылықсыз басып кіру және аннексиялау жоспарлары әртүрлі себептермен сәтсіздікке ұшырады. 2014 жылы Қырымға басып кіргеннен бері күрделі қайта құрылымдаудан өткен Украина армиясы 2022 жылы өте  күшті болды. Американың ұлттық  барлау ұйымы шабуыл туралы алдын ала ескертіп, Ресейге кенеттен шабуыл жасауына жол бермеді. Киевті тастап елден кетуден бас тартқан Зеленский басшылығы да маңызды рөл атқарды. Орыс әскерінің ойлағаннан әлдеқайда дайын емес және тиімсіз болуы Ресей үшін жылдам жеңіске жету мүмкін емес еді. Балтық елдері бұл жағдайға қарап, Ресейдің әскери салада олар ойлағандай күшті емес екенін көрді. Әсіресе оккупацияның алғашқы айларында Ресейдің соғысты Шығыс Еуропа мен Балтық жағалауына таратуы мүмкін деген алаңдаушылық ең жоғары деңгейге жетті.

Украина соғысы тұрғысынан Финляндия мен Швецияның қауіпсіздік концепцияларын өзгертіп, бейтарап ұстанымдарынан бас тартуы барлық жағынан тарихи маңызға ие. Алайда Түркия көптеген НАТО елдерінің PKK-ның Сириядағы жалғасы YPG-ге тікелей және жанама қолдау көрсетуінен  өте мазасыз екенін ұзақ уақыт бойы білдіріп келген еді. Өткен НАТО саммиттерінде Сирия аясында да, халықаралық терроризммен күрес аясында да бұл мәселені талай рет күн тәртібіне әкелген Түркия әсересе АҚШ пен кейбір одақтастардың YPG-ге  қолдауын шектеу және тоқтату үшін барын салуда.

Финляндия мен Швеция қол қойған Үшжақты келісім талаптарын жылдам орындайтын Финляндиямен салыстырғанда Түркия баяу әрекет еткен Швецияға басқаша көзқарас танытты. Президент Ердоғанның соңғы мәлімдемелері Түркияның шілде айында өтетін Вильнюс саммиті қарсаңында бұл мәселеде жылдам қадамдар басуға асықпайтынын білдірді.

Түркия бұрын Грузияның да, Украинаның да мүшелігіне қарсылық көрсетпеген ел ретінде НАТО-ның кеңеюге бағытталған ашық есік саясатын қолдайды. НАТО-ның кеңеюінің стратегиялық құндылық әкелетінін білген, сонымен қатар аймақтық қақтығыстарға алаңдаған Түркия демократиялық құндылықтарды қорғау үшін басқа елдердің ұлттық қауіпсіздік мәселелерін елемейтін Швеция сияқты елдердің көзқарастарына қарсылық білдіруде. Бұл ұстаным тек Швецияға ғана тән емес. Сонымен қатар  АҚШ, Германия және Франция сияқты елдердің де Түркияның терроризмге қатысты алаңдаушылығын кейде жете бағаламайтыны белгілі. НАТО жаһандық деңгейде өзін жаңартуға тырысқан ортада Түркияның терроризмді негізгі күн тәртібінің біріне айналдыруға тырысуы әбден заңды және орынды саясат. Швецияның бұл мәселеге сезімталдық танытпауы НАТО-ның күтілетін кеңею процесіне әсер етті. Қорыта айтқанда,  НАТО-ның Швецияны мүшелікке қабылдауы Түркияның мақұлдауымен ғана мүмкін болады.

     



Ұқсас жаңалықтар