Апталық Анализ 41

14 және 28 мамырда өткен сайлаудан кейін Президент Ердоған жаңа кабинетін жариялады.

1997617
Апталық Анализ 41

14 және 28 мамырда өткен сайлаудан кейін Президент Ердоған жаңа кабинетін жариялады. Министрлер кабинетінде Ұлттық барлау ұйымының төрағасы  Хакан Фидан Сыртқы істер министрі болды. Ал либералды экономикалық модельді жақтайтын  Мехмет Шимшек Қазына және қаржы министрі болып тағайындалды. Тағайындалған басқа министрлрмен бірге  Түрік ғасырын жүзеге асыру үшін мықты тұлғалардан тұратын министрлер кабинеті құрылды.

Түркияда 14 және 28 мамырда қатарынан сайлау өтті. Президент Ердоған мен Джумхур альянсы кейбір батыс елдерінің жорамалдарының керісінше жеңіске жетті. Кемал Кылычдароғлу басқаратын Миллет альянсы ауыр жеңіліске ұшырады. Сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін ең басты сұрақ Президент Ердоғанның қандай кабинет құратыны болды. Өйткені министрлер кабинеті Түркияның келесі жол картасы мен соған байланысты саясаты үшін ең маңызды көрсеткіш болатын. Ақырында Ердоған өте күшті министрлер кабинетін құрып, экономика, сыртқы саясат және күнделікті саясатқа қатысты бағытын анықтады.

Ең алдымен ұзақ жылдар Ұлттық барлау ұйымы төрағасы міндетін атқарған және әрі Түркияда, әрі халықарлық деңгейде  аты аңызға айналған Хакан Фидан Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Бұл тағайындау Ердоғанның жаңа кезеңде өте белсенді және сенімді сыртқы саясат ұстанатынын көрсетті. Сонымен қатар, Хакан Фиданның Ұлттық барлау ұйымын басқарған кезде қақтығыс аймақтарына қатысты қолында маңызды құжаттар болғанын  ескерсек, сабақтастық тілге тиек болады. Фидан кезеңінде АҚШ-Ресей тепе-теңдігі сақталуымен қатар әсіресе аймақтық қалыпқа келтіру тұрғысынан маңызды өзгерістер болуы мүмкін. Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы және Мысырмен қарым-қатынастар жаңа дәуірге кіреді. Сирия тақырыбы дипломатиялық тұрғыдан жанданады. Түркия, Ресей, Иран және Сирия арасындағы келісім іздестіру одан да мағыналы түйінге айналады.

Тағы бір маңызды тағайындау  экономикаға қатысты болды. Мехмет Шимшек Қазына және қаржыдан жауапты министр болып тағайындалды. Шимшек халықаралық нормалар мен ережелерді ұстанатын либералды экономикалық үлгінің жақтаушысы. Сондықтан Түркияның экономикалық моделінің жаңа кезеңде бұл тұрғыда қайтадан дұрыс бағытқа түсетіні байқалады. Орталық банк басшысына да осындай саясатты жақтайтын тұлғаның  келуі әбден мүмкін сияқты. Сауда министрі Өмер Болаттың да үйлесімді жұмыс істеуін күтуге болады. Сондықтан жаңа кезеңде саясат белсенділіктерін арттыратын және инфляцияны төмендететін ақша-несие саясаты маңызды болмақ. Тағы да ағымдағы есеп балансын сақтайтын жолмен импортты арттыру үшін күш-жігер жұмсалады.  Түркия үшін экономика тұрғысынан қалпына келтіру кезеңіне куә боламыз.

Ішкі істер, қорғаныс сияқты қауіпсіздікке қатысты министрліктерге де мықты есімдер тағайындалды. Осы тұрғыда қазіргі қауіпсіздік парадигмасы жалғасады.  «Түрік ғасыры» деп аталған жаңа кезеңде Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында әсіресе сыртқы саясат, экономика және қауіпсіздікте күшті министрлер кабинетімен жолын жалғастыратыны байқалады

 



Ұқсас жаңалықтар