Апталық Анализ 15

​​​​​​​Орта Шығыста мемлекет арасында дағдарыс азайған және тыныш бір кезең сияқы көрінуде

1745972
Апталық Анализ 15

Орта Шығыста мемлекет арасында дағдарыс азайған және тыныш бір кезең сияқы көрінуде. Әбу Даби әмірлігінің Тақ мұрагері Шейх Халифа Бин Заид Әл Нахаянның Түркияға сапарлай келіп, президент Режеп Тайып Ердоғанмен кезлдесуі осы процестің ең маңызды үлгісінің бірі болды. Түркияның Сауд Арабиясы және Мысыр арасындағы кездесулері де жалғасуда. Мысалы Біріккен Араб Әмірліктері Иранмен осындай бір процесті бастау талпынысында. Алайда бұл қарым-қатынастардың қалыпқа түсу процесі табыста бола ма?

Әбу Даби әмірлігінің Тақ мұрагері Шейх Халифа Бин Заид Әл Нахаянның Түркияға сапарлай келіп, президент Режеп Тайып Ердоғанмен кезлдесуі, сондай-ақ бірқатар келісімге қол қоюы және 10 миллиард доллар инвестиция жасайтыны жайлы мәлімдеме жасауы Орташығыста жаңа бір тепе-теңдік ізденісі тұрғысынан маңызды бір әрекет болды. Соңғы айларда негізінен барлық аймақтық актерлер қақтығыстың орнына диалог және ымыраласу ізденісі ішінде. Біріккен Араб Әмірліктері тек Түркиямен ғана емес, Иранмен де бірдей процесті қалайды. Мысалы Түркия да Сауд Арабиясы, Мысыр және Израиальмен қарым-қатынастарды қалыпқа түсіру талпынысында.

Аяқ астынан аймақта не себептен актерлер тұғыр өзгертуге кірісті?

Бұл жағдайдың өзгеруіне бірнеше себепті айтуға болады. Біріншісі, Джо Байден кезеңінің АҚШ саясаты. Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясы енді АҚШ-тың қолдауын ала алмауда. Тіпті Ауғанстанда болған оқиғалар және АҚШ-тың Орташығыста ақырын-ақырын әскер шегеруі осы елдерді қатты алаңдатты. Сондықтан Түркия және Иран сынды елдерге қарсы ұстанған қатаң тұғырын өзгертуге тура келді. Екіншісі болса, «Араб Көктемі» және «Халық қозғалысының» бұрынғы жандылығын жоғалтуы болып табылады. Шығанақ елдері және Мысыр сынды елдердің билеушілері қазір бұны бір қауіп-қатер ретінде қарамауда. Сондықтан бұл халық қозғалысының атқарушысы Түркияны да бұрынғы сияқты үлкен қауіп деп ойламауда. Үшіншісі, аймақтық қақтығыстарда ешбір елдің жеңіске қол жеткізе алмайтыны, шығынан басқа пайда әкелмейтіні аңғарылуда. Соныман қатар экономикалық жақтан күн сайын үлкен шығынға тап болғаны белгілі.

Барлық актерлер қарым-қатынастарды қалыпқа түсіру жолын іздестіруде. Алайда Орташығыста мәселенің түбегейлі шешілуінен сөз қозғау әлі ерте. Сирия және Йеменнен Ливияға дейінгі алаңда қақтығыстар жалғасуда. Аймақ елдерінің георгафиялық жағдайы және саяси жүйесі түбегейлі өзгерістерге мүмкіндік бермеуде.

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар