Түркия және түрік республикалары арасындағы қарым-қатынаста жаңа көкжиек

Проф. Др. Илияс Камалоғлу

1599897
Түркия және түрік республикалары арасындағы қарым-қатынаста жаңа көкжиек

 

ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу 5-10 наурыз күндері арасында Орталық Азиядағы түрік республикаларына барды.  Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанда ресми сапармен кездесулер өткізген Чавушоғлуның сапарының уақыты өте мағыналы. Түрік республикалары басқа Кеңес Одағының бұрынғы республикалары секілді 2021 жылы тәуелсіздіктерінің отыз жылдығын атап өтуде. Сондықтан биылғы жылдың дереу басында түрік сыртқы істер министрінің осы сапарға шығуы 1991 жылы Анкараның осы республикаларды алғашқы боп таныған ел болуы секілді әрі маңызды,  әрі мағыналы. Сапардың басқа бір маңызы Әзербайжанның көптеген жылдан бері оккупацияланған жерлерін құтқаруынан кейін жүзеге асуында.  Екінші Қарабах соғысы барысындағы Анкара мен Баку ұйымшылдығы барлық түрік республикаларына жақсы үлгі болды.

Сапардың неге Қазақстанды қамтымағаны сұрағына жауапты бастан беріп кету керек.  Екі түрлі жауап беруге болады: ТР президенті Режеп Тайып Ердоғанның 31 наурыз күні Қазақстанға ресми сапармен баруы жоспарланып отыр.  Екіншісі – Түрікменстан мен Өзбекстан қарым-қатынастары соңғы жылдары қайта арта бастады. Анкараның көптеген жылдар бойы жақсы қатынастағы Қырғызстанмен байланысына соңғы жылдары ФЕТО факторы көлеңке түсірді. Қазақстан болса Әзербайжаннан кейін түрік республикалары арасында Түркиямен ең жақын қатынастағы ел. Чавушоғлуның осы сапары әрі қарым-қатынастардың барысының бағаландырылуы және алдымыздағы жылдар үшін жол картасының дайындалуы, әрі қарым-қатынастардың жаңа өреге шығарылуы тұрғысынан маңызды оқиға болды.

 

Түрік республикаларымен ынтымақтастық салалары кеңейіп келеді

 

Түрік сыртқы істер министрінің Орталық Азия сапары шеңберінде барған алғашқы елі  - Түрікменстан.  Әріптесі Рашид Мередов және президент Құрбанқұлы Бердімұхаммедовпен өткен кездесулерден түсінікті болғанындай, 2021 жыл Түркия-Түрікменстан дипломатиялық қатынастары тұрғысынан тығыз өтеді. Екі жақты саммиттермен қоса Түркия-Әзербайжан-Түрікменстан үштік саммитінің де өткізілуі, экономикалық,  энергия, қатынас, логистикалық тақырыптарда ынтымақтастық келісімдеріне қол қойылуы жоспарланып отыр.  2018 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы бүкіл әлемге әсер еткен экономикалық дағдарысқа байланысты азайса да,  2019 жылы қайтадан арта бастады  (шамамен  1,5 миллиард доллар). Тіпті 2020 жылы пандемияға қарамастан артуын жалғастырды. Өткен отыз жылда Түркия Түрікменстанда шамамен 50 миллиард долларлық мыңнан астам жобаны жүзеге асырды.  Министрдің әсіресе энергия саласын баса айтуы және басқа бір энергия алпауыты Әзербайжанның қатысуымен Үштік саммиттің өткізілетін болуы болса тараптардың жаңа энергия жобалары үстінде жұмыстанып жатқанын көрсетеді. Бұл тақырып Ресей мен Қытайға балама энергия маршруттарын іздеп жүрген Түрікменстан үшін де, «энергия орталығына» айналған Түркия үшін де маңызды тақырып. Президент Бердімұхаммедовтың барлық елдер үшін рейстер мен фураларға тыйым салынған болса да,  Түрік Әуе жолдарының Түрікменабадқа ұша бастауы және түрік фураларына рұқсат беруі түрікмен басшылардың сыйы деп қабылданады.  Сонымен бірге Түркиямен серіктестікті арттыруға мүдделі екенін де көрсетеді.

Өзбекстан сапары да тараптардың екі жақты байланыстардың дамуына көңіл бөлгенін көрсетеді.  Самарқандта Түркия Республикасының бас консулдығының ашылуы және пандемиядан кейін ұшақ рейстерінің арттырылуына шешім қабылдануы осының ең үлкен көрсеткіші. Өзбекстанның тарихи қалалары Самарқанд, Бухара және Хиуада туризм инфрақұрылымының жетілдірілуі процесіне түрік компанияларының белсенді түрде қатысатын болуы да әрі инвестиция, әрі туризм саласындағы серіктестікті нығайта түспек. Сапар қарсаңында Өзбекстандағы өкілетті елші ретінде тағайындалған тәжірибелі дипломат Олган Бекар да екі жақты қатынасқа жаңа серпін берері сөзсіз.

Өзбекстандағы сапары барысында Мевлүт Чавушоғлуның аталмыш шешімдердің Өзбекстанға баратын түрік азаматтарының санын арттыратынын атап өтуі де өте маңызды. Себебі бұл бауырлас екі халықтың етене танысуын қамдайды.  Осы аяда «Мен Джалаледдин» атты телехикаяның бірігіп түсірілуі және Өзбекстанда көрсетілуі қатынастарға үлкен үлес қосады, әрі екі ел басшыларының осы тақырыптапға көңіл бөлгенін айғақтай түседі. Сапар барысында аймақтық оқиғалар мен экономикалық қатынастардың арттырылуы секілді тақырыптар қолға алынса да,  осы тақырыптардың егжей-тегжейлі түрде 2021 жылы  президент Режеп Тайып Ердоғанның жоспарланған Өзбекстан сапары барысында қолға алынуына шешім берілді. Осылардың арасында басты назар аударатыны әрине қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық әлеуеті. Әсіресе Қарабах соғысынан кейін көптеген ел Түркияның ұшқышсыз әуе көліктеріне ықылас таныта бастады. Осылардың бірі – Өзбекстан. Сонымен бірге екі ел алғашқы сатыда Артықшылықты сауда келісімі, артынан Еркін сауда келісімін жүзеге асыру үшін талпынып жүр.  Осылардың барлығы екі ел арасындағы сауда айналымының көбеюін қамдайды.

Министр Чавушооғлу Өзбекстаннан кейін Қырғызстанға барды. Түрікменстан мен Өзбекстанда болғаны секілді осында да әрі әріптесі,  әрі президентпен кездесті. Бұл жайттың өзі түрік республикаларының Түркияға және Түркиямен қатынастарға қаншама көңіл бөлгенін көрсетіп тұр.  Қырғызстанмен де Артықшылықты сауда келісіміне қол қоюға байланысты келіссөздер жалғасуда.  Түрікменстан секілді Қырғызстанмен де сауда айналымы соңғы жылдары төмендемеді.  Алайда басқа аймақ елдерімен салыстырғанда Қырғызстан мен Түркия арасындағы сауда көлемі аздау. Сондықтан тараптар сауда айналымын бір миллиард долларға жеткізуге келісті.  Елдегі түрік инвестициялар да бір миллиардқа жетіп қалған.  Сапар барысында Қырғызстан-Түркия Манас Университетіне қарасты медициналық орталық пен лаборатория да ашылды.  Осы бөлімдердің университетке қарасты Медицина факультетінің іргетасын қалыптастыруы жоспарланды.  Сонымен бірге Қырғыз-түрік Достық ауруханасының да ашылуы күн тәртіпте.  Қырғызстан сапарының ең маңызды қорытындыларының бірі Түркия Маариф фондының осы аймақтағы алғашқы мектебін Қырғызстанда ашатынын жариялауы болды.  Осы қадам арқылы Фетуллахшы террорық ұйымның аймақтағы ықпалы азаятын болады.

 

Қатынастардың жол картасы дайындалды

 

Сонымен сыртқы істер министрі Чавушоғлуның алты күндік Орталық Азия сапары барысында дипломатиялық қатынастардан экономикаға, энергиядан қатынасқа, мәдениеттен білім беруге дейін көптеген тақырып қолға алынды.  Бұлар Түркия мен түрік республикалары арасындағы қатынастардың алдымыздағы бес жылдың күн тәртібін қалыптастыратын мәселелер.  Басқаша айтқанда, осы сапар барысында Түркия мен түрік респубикалар арасында  қарым-қатынастардың жол картасы дайындалды.  2021 жыл Анкара әкімшілігінің түрік республикаларымен дипломатиялық қатынастарының шыңына жеткен жылы болатын секілді. Ең жоғары деңгейде өзара сапарлар ұйымдастырылып, сонымен бірге құрылған түрлі комиссиялардың да жиналыстары өткізіледі. Түркияның 2021 жылы Түрік кеңесі басшылығын Әзербайжаннан қабылдап алуы да осы тұрғыдан маңызды.

Бүгінге дейін Түркия мен Орталық Азияда түрік республикалары арасындағы қатынастарда көбіне мәдени ынтымақтастық алғы шепке шықты. Осы шеңберде Түрік кеңесі, Түркітілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеясы ТүрікПа, Түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы Түріксой,  Түрік академиясы, Юнус Эмре институты, Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы,  Түрік Ынтымақтастық және координация агенттігі секілді ұйымдар маңызды іс атқарды.  Соңғы жылдары Түркияның аймақтық күш ретінде нығаюы, Сириядан Кавказға аймақтық оқиғаларда маңызды рол ойнауы, энергия және қорғаныс өнеркәсібі секілді секторларда үлкен жетістіктерге қол жеткізуі секілді факторлар Түркияның аймақ елдерімен байланыстарын тек мәдени саладағы серіктестікпен шектеліп қалмайтынын көрсетті. Аталмыш сапар кезінде де энергия және әскери тақырыптар талқыланды, түрік республикалары да сыртқы саясат және экономика саласында мықты және сенімді серіктерінің санын арттырғысы келеді. Түркия Қытай және Ресейден кейін түрік республикаларының саудадағы үшінші ірі серігі болды.  Инвестициялар тақырыбында болса республикалардың кейбірінде бірінші орында тұр.  Түркияның қорғаныс өнеркәсібі және энергия саласында жүргізген табысты саясаты алдымыздағы жылдары екі саладағы серіктестіктің артуын қамдайды.

Түрік республикаларының тәуелсіздіктерін бірінші күннен мойындаған және мемлекет ретінде қалыптасу процесінде мүмкіндігінше қол-қанат болған Түркия түрік республикаларының тәуелсіздіктерінің отызыншы жылы да қастарында екенін көрсетті. 2021 жыл Түркия мен түрік республикалары жылы болады және қатынастар алдымыздағы кезеңнің іргетасын қалайды.



Ұқсас жаңалықтар