Апталық Анализ 51

Түркияның PKK-ға қарсы күрестің соңғы жағдайы.

1548115
Апталық Анализ 51

 

Түркияның "Пенче-Каплан" операцияларымен Ирактың солтүстігінде тұңғиыққа батқан террор ұйымы PKK соңғы апталарда Ирак күрд аймақтық әкімшілігі, сондай-ақ әсіресе Күрд демократия партиясы KDP-мен үзенгі тірісе бастады. PKK-ның аймақтағы террор лагерьлерінің маңын қоршаған пешмерга және қатысты арнайы жасақтар PKK-ға қысым жасаса, Эрбиль және Бағдат арасында PKK-ның Синджардан шығарылуы жайлы келісім ұйымға қатты соққы жасады. PKK-ға қарасты Халықты қорғау күштері HPG Иракта тікелей пешмергаға шабуыл ұйымдастырса, ұйымның Сирия қанаты YPG болса шекара желісінде пешмерганы нысанаға алды. Сонымен қатар KDP’-ге жақын Күрд жоғарғы комитетінің Сириядағы офистеріне шабуыл жасалды.

Ирак күрд аймақтық әкімшілігіне қарасты саяси күштер ұзақ уақыттан бері PKK-ны өз аймақтарында тұруына жағдай жасады. ДАИШ-пен күресуде өз мүдделерін ойлаған ұйым Сирияның солтүстік-шығысындағы әрекеттерімен де назар аударды. Күрд ұлттық куәлігін пайдаланған PKK күшейген күрд ұлтшылдығы аясында да өзіне ешкім тисуге болмайтын негіз қалауға тырысқан. Түркияның қысымдарына қарамастан Ирак күрд аймақтық әкімшілігі PKK-ға белгілі алаң ашып күрес жүргізбеді. Алайда соңғы айлардағы оқиғалар Ирак күрд аймақтық әкімшілігі және әсіресе KDP тұрғысынан PKK-ның тіпті көп ойран салуы жаман бір бет алыс екені белгілі болды. Олар PKK-ның әрекетін тежей бастады. Түркияның шекара тысы "Пенче-Каплан" операцияларымен PKK-ны Иракта нысанаға алуы және ұйымға шекара желістерінде қатты соққы беруі PKK-ның әрекет әдістемесінің өзгертуіне апарып соқты. Ұйым оңтүстікке, яғни KDP-ның ықпалды болған алаңдарға қарай шегіне бастады. Сонымен қатар Түрік Қарулы күштерінің ықпалды операциялары себепті KDP-ны «Түркияға жәрдем берді» деген сылтаумен айыптай бастады. Тіпті тіл тигізіп қауіп төндірді.

Тағы да Синджарда Эрбиль және Бағдат арасында жасалған келісім үлкен стратегиялық қауіп ретінде қаралып, осыған қарсы қадамдар басылды. Үздіксіз қауіп төндірілген кезде анда-санда пешмергаға да шабуылдар ұйымдастырылды. Осылайша KDP-нің кері қадам басатыны ойластырылған еді.

PKK-ның Ирак күрд аймақтық әкімшілігінің экономикалық қиыншылық шеккен сәтте мұнай құбыр желістерін нынсағаға алу шектен асқан бір әрекет болды. Президент Нечирван Барзани және премьер-министр Месрур Барзани PKK-мен күресуде қатал тұғыр көрсетті. Тіпті Түркиямен бірге әрекет ете бастады. Ұйымның Ирактың солтүстігіндегі террор легерьлері пешмерга тарапынан қоршауға алына бастады. Анда-санда террор сарбаздары нысанаға алынды. Пешмерга мен PKK арасында үнемі қақтығыстар бола бастады.

KCK/PKK лидерлігінде күрд бұқаралық қауымына үндеу тастап KDP-ны нысанаға алды. Аяғында Сириядағы сарбаздарды да аттанысқа келтірді. Алдымен KDP-ға жақын ENKS-ке тән бюролар Хасекеде нысанаға алынды және оқ жаудырылды. Одан кейін YPG тікелей Фишхабур шекара желісінде пешмергаге шабуыл жасады.

Қазір тараптар арасында кең қанатты бір қақтығыстың болуы кенеттік бір жағдай. Месрур Барзанидің ең соңғы мәлімдемесінде тек PKK/KCK-ны ғана емес, сонымен қатар Сирия қанатын да нысанаға алып, АҚШ-қа да үндеу тастады. Кандилдің Сириядағы ықпалының азайтылуы керектігін атап өтті. Ирак күрд аймақтық әкімшілігі PKK қаупінің шындығын ең соңында түсінген болды.

 

 



Ұқсас жаңалықтар