Апталық Анализ 49

Мухсин Фахризадеге жасалған қастандық жайлы анализ.

1539857
Апталық Анализ 49

 

Орташығыста Иранның ядролық бағдарламасының маңызды тұлғасының бірі және ғалым Мухсин Фахризадеге жасалған қастандық дүниені дүр сілкіндірді.

Мухсин Фахризаденің өлтірілуінен кейін көптеген пайымдаулар жарияланды. Қазір барлық назар Израильге аууда. Иранның нарызылығын күтіп отырған кезде, шабуылдың Иранға қарата байсалды саясатымен танылған Джо Байденнің президенттік міндетті тапсырып алудың қарсаңында жүзеге асуы болса тіпті маңызды.

Таяу тарихқа көз жібергенімізде Иранның ядролық бағдарламасы АҚШ-пен қатар аймақтағы Израиль мен Шығанақ елдерін де қатты қайғыландыруда. Иранның ядролық қару күшіне ие болуын тосу үшін көптеген жұмыстар істелді. Бір жағынан АҚШ-тың санкция қауіптері күн тәртіпке келсе, енді бір жағынан түрлі саботаж болып жатты. Сонымен қатар анда-санда ғалымдарға қарсы қастандықтар жасалды. Алайда Барак Обама кезеңінде Иранға қарата жұмсақ саясат жүргілізіп, АҚШ Иранмен үстелге отырды. Еуропа Одағының да берген қолдауымен тараптар өзара келісім жасады. Алайда бұл жағдай әрі Израильді, әрі Сауд Арабиясы секілді шығанақ елдерін қанағаттандыра алмады. Иранды «ядролық келісімді сылтау ете отырып, аймақта кең қанат жаю саясаттарын жалғастырды» деп айыптады. Осыған байланысты Обамаға қарсы көндіру саясатын бастады. Өкінішке орай нәтижеге жете алғанын айта алмаймыз. Бұл жағдай Дональд Трамп билік басына келгенге дейін жалғасты. 

Израиль мен Шығанақ елдері Трампты өте жақсы пайдаланды. Осының арқасында Ақ Үй әкімшілігі ядролық келісімнен шегініп, Иранға қарсы қысым саясат жүргізді және ауыр санкциялар жасай бастады. Иран болса, жағдайды ушықтырып, ядролық бағдарламасын жалғастыру арқылы тойтарыс берді. Израиль мен Сауд Арабиясы Иранға бір әскери операция жасауы үшін Трампқа қысым жасады. Бұл тақырыптағы қысымдары мен талпыныстары нәтижесіз қалды.

Енді Трамп президенттік сайлауда жеңіліске ұшырады. Иранға қарсы Обама кезеңіне ұқсас бір тұғыр ұстанған Байден билік басына келуде. Бұл жаңалық Израиль мен Шығанақ елдерін мазасыз еткен жағдай болып табылады. Жаңадан ядролық бағдарламасының басталатыны, Иранға бағытталған ауыр санкциялардың күшінен қалуы мүмкіндігі Израиль мен Шығанақ елдерін үрейлендіруде. Міне Иранның ядролық бағдарламасының маңызды тұлғасының бірі және ғалым Мухсин Фахризадеге жасалған қастандық осы кезеңге дөп келуде. Иранды тойтарыс жасауға итермелеуде. Байден билік басына келуден бұрын дағдарысты ушықтырып, бір қақтығыс жарату көзделуде.  Иран болса, бұқаралық ұйымға қарата ауыз жүзінде кек аламыз дегенімен, стратегиялық сабыр сақтауда. Алайда Израиль мен Шығанақ елдері Иранның жауабын күтпей-ақ жаңа бір әрекет жасауы да мүмкін.

 

 



Ұқсас жаңалықтар