Қаза тапқандар саны 76-ға артты

Түркиядағы шаңғы орталығындағы өртке байланысты 9 адам ұсталды.

2233066
Қаза тапқандар саны 76-ға артты

Болу Карталкая шаңғы орталығындағы қонақүйде шыққан өртте қаза тапқандар саны 76-ға жетті.

Оқиға орнына бірнеше министр барды. Ішкі істер министрі Али Йерликая өрт апаты болған аймақта мәлімдеме жасады.  Министр Йерликая өртте 76 адамның қаза болғанын, оқиғаға байланысты 9 адамның ұсталғанын және әкімшілік тергеуді 10 күн ішінде аяқтайтындарын мәлімдеді.

Президент Режеп Тайып Ердоған өрт апатына байланысты бір күндік ұлттық аза тұту жарияланғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар