Словакия премьер-министрі Түркияда

Кездесуде Түркия мен Словакия арасындағы ынтымақтастықты тереңдету және аймақтық, жаһандық мәселелер талқыланады.

2232294
Словакия премьер-министрі Түркияда

Словакия премьер-министрі Роберт Фицо және делегациясы ресми сапармен Түркияға келеді. Премьер-министрді ел астанасы Анкарадағы Президенттік кешенінде президент Режеп Тайып Ердоған ресми рәсіммен қарсы алды. Артынан екіжақты және делегация аралық кездесулер өткізілуде. 

Кездесуде Түркия мен Словакия арасындағы ынтымақтастықты тереңдету және аймақтық, жаһандық мәселелер талқыланады. Түркия-Еуропа Одағы қарым-қатынастары жөнінде өзара пікір алмасады деп күтілуде.

Келіссөздерден кейін баспасөз мәслихаты өтеді. Кешке Фицоның құрметіне ресми кешкі ас беріледі.



Ұқсас жаңалықтар