Германия канцлері Олаф Шольц Түркияға келеді

Бұл туралы Германия үкіметі баспасөз хатшысының орынбасары Вольфганг Бюхнер мәлімдеді.

2197760
Германия канцлері Олаф Шольц Түркияға келеді

Германия канцлері Олаф Шольц 19 қазан күні Түркияға келеді.

Германия үкіметі баспасөз хатшысының орынбасары Вольфганг Бюхнер Берлинде өткен баспасөз мәслихатында Германия канцлері Шольцтің алдағы аптаның соңында Түркияға келетінін және 19 қазанда Стамбулда Президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездесетінін айтты. Бюхнер кездесуден кейін баспасөз мәслихаты өтетінін мәлімдеді.

Кездесудің мазмұнына қатысты алдын ала ештеңе айта алмайтынын мәлімдеген Бюхнер Украинадағы соғыс және Таяу Шығыстағы жағдаймен қатар көші-қон, екіжақты қарым-қатынастар мен экономикалық саясаттың талқыланатынына назар аударды.

 

Бюхнер Германия үкіметінің «Eurofighter» соғыс ұшақтарының сатылымына қатысты өтетін келіссөздер туралы ештеңе айта алмайтынын айтты. Бұдан бөлек қару экспортына қатысты егжей-тегжейлі мәлімдеме жасалмағанын атап өтті.

 

Бір журналисттің «Бұл сапардан жаңалық күтуіміз керек пе?» деген сауалына Бюхнер қару-жарақ экспорты туралы ешнәрсе айтпайтынын және жариялайтын ешнәрсе жоқтығын қайталады. Бюхнер: «Әрине, Германия канцлерінің Түркияға сапарынан әрқашан жаңалық күтуге болады» деді.

 

Баспасөз хатшысының орынбасары Бюхнер сапарда Украина соғысының маңызды мәселе болатынын атап, «Түркия бұл мәселеде маңызды серіктес» деді.



Ұқсас жаңалықтар