«Еркін атыс-2024» жаттығуы сәтті аяқталды
Бұл туралы Түркия Ұлттық Қорғаныс министрлігі бейнежазба жариялады.
2197678
Түркия Ұлттық Қорғаныс министрлігі Полатлыда (Анкара) өткізілген «Еркін атыс-2024» жаттығуының сәтті аяқталғанын хабарлады.
Министрліктің әлеуметтік желісіндегі бейнежазбада «Міне біздің Түрік Қарулы Күштерінің атыс күші. Полатлыда жүргізілген «Еркін атыс-2024» жаттығуы сәтті аяқталды. Батыр түрік әскері жоғары көрсеткішпен бізді тағы да мақтанышқа бөледі» делінген.
Хабарламада «F-16» соғыс ұшақтары, «ATAK» шабуыл тікұшақтары және қару жүйелерінің нысанаға дәл тиген суреттері де орын алған.