Көші-қон меморандумына қол қойылды

Түсіністік меморандумы аясында Түркиядағы Ирак азаматтары өз еріктерімен елдеріне оралады.

2194164
Көші-қон меморандумына қол қойылды

Түркия мен Ирак арасында «Көші-қон және ерікті репатриация» тақырыбында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда, өзара түсіністік меморандумына ТР Ішкі істер министрі Али Йерликая мен Анкараға келген Ирак Республикасының Иммиграция және қоныс аударылғандар министрі Эван Фаик Жабро қол қойды.

Түсіністік меморандумы аясында Түркиядағы Ирак азаматтары өз еріктерімен елдеріне оралады.

Көші-қонды басқаруда неғұрлым тұрақты және қауіпсіз тәсіл қолдануды мақсат ететін өзара түсіністік туралы меморандум аясында заңсыз көші-қонның алдын алу үшін ынтымақтастық жүргізіледі.



Ұқсас жаңалықтар