Израильден «TRT Haber» жаңалықтар тобына кедергі

Фахреттин Алтун Түркия журналисіне жасалған кедергіге наразылық білдірді.

2194047
Израильден «TRT Haber» жаңалықтар тобына кедергі

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун «TRT Haber» жаңалықтар тобының Израильдегі тікелей эфиріне кедергі жасалуына наразылық білдірді.

Фахреттин Алтун әлеуметтік желідегі  жазбасында Газа мен Ливандағы қырғындарды әлемге жария еткен журналистерді тек Израиль қауіпсіздік күштері ғана емес, сонымен қатар азаматтық кейіптегі Израиль басқыншылары да нысанаға алғанын атап өтті.

Тікелей эфирде «TRT Haber» тобын қудалап,  хабарды тоқтатуға тырысқан израильдік басқыншының әрекеті қауіптің соңғы үлгісі екеніне назар аударған Алтун: «Израиль полициясының арандатушыны емес, ТRТ қызметкерлерін қамауға алып тергеу жүргізуі  Израильдің ессіз әрекет еткенін тағы бір рет көрсетті. Қанішер Израиль не істесе де, Газа мен Ливанда байланыс дәлізін орнататын журналистер әрқашан болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар