Президент Ердоған Неджиб Микатимен телефон арқылы сөйлесті
Президент аппараты жанындағы Коммуникациялар басқармасы мәлімдеме жасады.
2188721
Президент Режеп Тайып Ердоған Ливан премьер-министрі Неджиб Микатимен телефон арқылы сөйлесті.
Президент аппараты жанындағы Коммуникациялар басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда әңгіме барысында президент Ердоған Ливандағы шабуылға қайғырғанын айтып, шабуылда қаза тапқандарға Алланың рақымын, жаралылардың тезірек сауығып кетуін тіледі.
Президент Ердоған Израильдің қақтығыстарды аймаққа тарату әрекетінің аса қауіпті екенін және Израиль басқыншылығын тоқтату үшін күш-жігердің жалғасатынын атап көрсетті.