Палестина үшін арнайы төтенше сессия отырысы басталды

Жиында БҰҰ Бас Ассамблеясы қарар жобасын талқылайды.

2188689
Палестина үшін арнайы төтенше сессия отырысы басталды

    Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы (БҰҰ) тұрақты өкілі Ахмет Йылдыз Палестина заң жобасына БҰҰ мүшелерінен қолдау сұрады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Палестина үшін арнайы төтенше сессияға жиналды. 2 күнге жалғасатын жиында Израильдің Палестинаға шабуылдарын тоқтатуды талап ететін қарар жобасы талқыланады.
    Сессияның алғашқы күні Түркияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі, елші Йылдыз Бас ассамблеяда сөз сөйледі. Ол қарар жобасының демеушілерінің бірі Түркия екеніне тоқталды.
    Ахмет Йылдыз «Түркия барлық мүше мемлекеттерді осы қарар жобасын қабылдауға шақырады. Израильдің Палестинаны оккупациялауы және Батыс Шерияда жалғасып жатқан қоныстандыру әрекеттері заңсыз ғана емес, бейбітшілікті жою әрекеті. Халықаралық қоғамдастық халықаралық құқықтың бұзылуына жол берілмейтіні туралы нақты үндеу  жариялауы керек» деді. Түркияның бейбітшілік орнатуға қатысты шешу жолдарын еске салған ол «Тез арада атысты түбегейлі тоқтату, Газаға үзіліссіз көмек жеткізу, Палестина мемлекетін тану және екі мемлекетті шешімді қамтамасыз ету үшін күш-жігерімізді саламыз» деді.
    Қарар жобасы БҰҰ Бас ассамблеясының 10-шы төтенше сессиясында дауысқа салынады. Жоба Палестина аумағында Израильдің заңсыз әрекетін 12 ай ішінде тоқтатуын талап етеді.



Ұқсас жаңалықтар