Иран президенті Түркия туралы айтты
Масуд Пезешкиан журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Иран президенті Масуд Пезешкиан «Түркия біздің досымыз, әрі бауырымыз. Бізде көршілестіктен тыс туыстық қарым-қатынастар бар» деді.
Масуд Пезешкиан ел астанасы Тегеранда қызметке кіріскеннен кейін алғашқы баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Ол Түркия-Иран қарым-қатынасы туралы сұраққа қатысты "Түркия - біздің досымыз және бауырымыз. Бізде көршілік емес, туыстық қатынас бар. Біздің арамызда шекара сызып тасталған, әйтпесе шекараның бұл жағы мен арғы жағы бір. Біздің наным-сеніміміз бен мәдениетіміз тоғысқан. Түркиямен қарым-қатынасты міндетті түрде нығайтуымыз керек» деді.
Бұрынғы үкіметтің көршілермен жақсы қарым-қатынасқа басымдық беру саясатын міндетті түрде жалғастыратындарын айтқан Пезешкиан «Түркия мен Иран арасындағы 30 миллиард доллар сыртқы сауда көлеміне жету үшін не істеуді жоспарлап отырғандары» туралы сұраққа орай ортақ инвестицияға назар аударды. Түркия мен Иранға ғана емес, Пәкістанға, Ауғанстанға және аймақтың басқа елдеріне ортақ инвестиция салуды қалаймыз» деді ол.
Баспасөз мәслихатында Иран президенті Түркияға «міндетті түрде» баратынын айтты.
Түркі текті Пезекшиан бұл лауазымға шілде айында сайланған болатын.